Page 69 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

69
Басқа сапалық анықтылық субстрат — сақтаушы күйі болады, ал басқа айырмашылық
белгі — сапалық анықтылық күйі. Сондықтан, [осындай] ажыратулар [соңында] тек бір
және сол] субстанцияның ауысуын көрсетеді. Ұқсас бейнеде және өзге категорияларды да
қарастыруға болады. Бұл сапалық анықтылық, айырмашылық белгі және күйлердің
ауысулары сақтаушының жеке мәні [демек субстанциясы] шекарасынан шықпайды;
басқаша айтқанда, осы барлық нақты сипаттамалар душар болатын тек бір ауысу өмір
сүреді. Сонымен, ауысу немесе өзгеру деген не? Өзгеру — бұл субстанцияның бұрынғы
сапалық анықтылығы жойылуы кезінде тұрақты болып қалатын жаңа сапалық
анықтылықтың пайда болуы. Осында
14. Сақтаушы [демек субстанция], нақты [немесе] айтып жеткізуге болмайтын
сапалық анықтылық өз мүмкіндіктерін сарыққан ретінде жүйелі алға шығады.
Дхарма, немесе сапалық анықтылық [нақты аймақ] қолданысымен шектелген сақтаушы
қабілеті (сөзбе сөз "қуат"; - ауд.) ретіңдегіден өзге емес. Және ол өзі туындататын әр түрлі
салдарлардан жасалатын, қисынды шығарылатын ақиқат болмысқа ие болады, қандай да
бір немесе өзге [және сол субстанцияның] [нақты түрі] ретінде қабылданады. Сонымен
нағыз [демек, нақ осы шақта бар болатын], дхарма сол, қайсысы жеке қызметін жүзеге
асырушы ретінде тәжірибеде көрінеді; ол басқа — "тынышталған" [демек өзін сарыққан],
немесе айтып жеткізуге болмайтын [демек содан, қайсысы анықталған бола алмайды]
дхармалардан ажыратылған.
Бірақ қашан [осы барлық жағдайларға тиесілі] жалпы ретінде алға шыққанда, ол
сонда не болады және [басқа дхармалардан] немен ажыратылады — өйткені [ол
бұндай жағдайда] тек сақтаушының, [демек субстанцияның] жеке түрі болып
[сипаттала ма]?
Бұнда шындығында сақтаушының [тек] үш сапалық анықтылығы [бар] болады:
өзін сарқыған, пайда болған және "айтып жеткізуге болмайтын". Өзін сарқыған —
бұл сол, қайсысы, өзінің функциясын атқарып, өмір сүруін тоқтатқан, пайда болған
бұл сол, қайсысы өзінің қызметін жүзеге асырады, және олар тікелей өзінің
болашақ айырмашылық белгісінің алдын алады. Өткендер — [сол, қайсысы] осы
шақтағының алдын алады.
Неге осы шақтағы [дхармалар] тікелей өткен [сапалық анықтылықтың] алдын
алмайды?
Өйткені бұнда осы кез бен болашақ ортасында болатын алдында болу мен соңынан
жүру қатынастары жоқ. Өткен жағдаймен бұл олай емес. Сондықтан өткеннің
тікелей алдында болатын [еш нәрсе] жоқ. Осыдан нақты болашақ тікелей осы
шақтың соңынан жүреді. Одан әрі айтып жеткізуге болмайтын деген не?
Барлығында не болатын болса, соның бәрі осы. Осыған байланысты: "Бәріне енетін
шырын және басқа [өнім] ретінде су мен жер [элементтерінің] ауысуы қозғалыссыз
өсімдіктерден табылады. Ұқсас жағдайда өсімдіктерден [не ауысады, сол]
жануарлардан [табылады], [бірақ] жануарлардан, [не ауысады, сол] өсімдіктерден
[табылады]. Осылай тектік мәндердің бөлектенбегендігінен "бәрі бәрінде болады",
дегенмен кеңістікпен, уақытпен, дара түрмен және [дхарма өмір сүруінің]
жағдайымен, байланысынан өзін бір уақытта көрсетпейтіні сөзсіз. Осы көрінген
және көрінбеген [барлық] сапалық анықталғандарда не бар болса, сол болашақ
өзінің жалпы және дара табиғатын сақтаушы, [дхармалармен] байланысқан, [демек,
бөлінбейтін субстрат] болады".
Бірақ сол үшін, [кім] бүкіл осы әлемді [ешқандай да бір субстанциялармен] байланыссыз,
тек дхармалар болады дегенді бекітетін болса, тәжірибе мүмкін емес.
Неге?