6
Шатапатха-брахмана, XII, 7, 2
4. Көру — Ашвиндердің нағыз қос жанары, бұл сәуле. Ашвиндер құрбандық шалған
кезде, (абыз) алдымен (құрбандық шалушыға) көз шынарын, осы сәулені, соңына естуді
енгізеді, өйткені көру мен есту тең.
21. (Кшатрийлер және вайшилер)
Шатапатха-брахмана, XII, 7, 3
15. Сүттің нағыз құймасы — бұл кшатрий варнасы, шараптың құймасы — бұл вайшилер
арнасы. Егер де осы екі (құйманы) бөлек істесе, онда вайшилер арнасын кшатрий
варнасынан, кшатрий варнасын вайшилер варнасынан бөлмекпіз. Онда ереже
орындалмай, құрбандық шолу рәсімі бұзылар еді. Вайшилер варнасын кшатрий
варнасымен, кшатрий варнасын вайшилер варнасымен үйлестіретін бұл (құймалық) рәсімі
бірге орындалса, құрбандық шалу ережелері бұрмаланбайды.
16. Сүттің нағыз құймасы — бұл прандар, шараптың құймасы — бұл дене. Егер бұл екі
(құйманы) бөлек орындаса, онда денені праннан, правды денеден ажыратқан болар еді.
Кім құрбандық шалса, оның өмірі де ұзаққа созылмас еді. Бұл (құймалар) бірге істелінсе,
дене праналармен, праналар денемен қабаттаса ұштаспақ...
III. Араньякилер
3 (Тыныстанудың маңызы туралы)
4. Брахман адам бойына оның үлкен бақайларының ұштары арқылы енеді. Брахман үлкен
бақайлардың саусақтың ұшы арқылы адамға енетіндіктен, оны адам бақаларының ұштары
деп атайды. Ол жануарларда тырнақтар және тұяқтар деп аталынады. Ол соңынан жоғары
көтеріліп, бел, омыртқаға айналады. Кейіннен ол: "Үлкен тамшыны жұтқын" дегенде,
қарын пайда болады. Одан кейін: "Терең дем ал" дегенде, кеуде пайда болады.
Шаркаракшьи Брахмандай қарынды, Арунидей — жүректі құрметтейді. Түптеп келсек,
екеуі де — Брахман. Брахман біртіндеп жоғары өрбіп, басқа да жетеді. Ол адамның
төбесіне жеткенде ғана, бас басқа ұқсады. Мұндай қанағаттану сезімдері баста, көзде,
есте, ойда, сөзде, тыныста да орнығады. Бастың не себептен бас екенін білгенде,
қанағаттану артты. Олар бір-бірімен жарыса: "Мен — он, мен — ән" деп түрілді.
Ақырында олар: "Жарайды, денеге тиіспелік, тек кімде-кім денесінен шығып, оны еліктіре
алса, оны ән деп атауға көнелік"- дейді. Сөз (денеден) шықты, бірақ сөйлеуден қалған
дене тамақ пен сусынды сіңдіріп өмір сүре берді. Көз (денеден) шықты, бірақ тамақ пен
сусынды сіңірген дене көрмесе де өмір сүре берді. Дыбыс (денеден) шықты, бірақ дене
дыбысты есітпей-ақ тамақ пен сусынды сіңіріп өмір сүре берді. Ой (денеден) шықты,
тамақ пен сусынды сіңірген дене ойланбай-ақ өмір сүре берді. Тыныс денеден шықты.
Тынысы тарылған дене құлап қалады. Ол бүлінді. Содан бүл туралы: дене денеге ұқсайды,
деп айтатын болды. Кім де кім мұны білсе, ол (өзі) жек көретін жауды, зұлымдықты жеңе
біледі. Олар: "Мен — ән, мен — ән" деп айтысады. Олар: "Жарайды, денеге қайтадан
енелік. Кім оған енгенде, денені тірілтсе, соны ән деп аталық" дейді. Сөйлеу (денеге енді,
бірақ ол) жата берді. Көру (денеге енді, бірақ ол) жата берді. Дыбыс (денеге енді, бірақ ол)
жата берді. Ой денеге енді, (бірақ ол жата берді). Тыныс (денеге) енгенде, дене тіріліп
кетті. Тыныс әнге айналды. Содан тыныстан ғана он туындады. Адамдар тыныс он екенін
білетін болсын. "Сен — әнсің, сен — бәрісің, біз — сіздікпіз, сен — біздіксіз" деді.
Риштер айтты: "Сен — біздіксің, біз — сендікпіз".