68
айырмашылық белгілерімен байланысы нәтижесінен уақыт түрлерінің орындары араласуы
пайда болады, деп [бұл пікірден] қате табады.
Бұл қарсылықтың жалғандығы [келесі де болады]. Сапалық анықтылық болатын дхарма
қасиеті дәлелдеуді керек етпейді. Сапалық анықтылықтың өмір сүруін, сонымен қатар,
айырмашылық белгілердің әр түрлілігін қарастыру қажет. Олардың сапалық анықтылығы
тек нақ осы уақытқа жатпайды. Егер де бұл осылай болса, онда сана ынтыға әуестену
қасиетіне ие бола алмайды, өйткені ашу кезінде ол көрінбес еді. Бұған қоса, үш [әр түрлі
уақыттық] айырмашылық белгілердің тек бір адамға бір уақытта тиесілі болуы мүмкін
емес. Дегенмен, оларды көрсететін себебі әрекетінің арқасында олар, уақыт бір ізділігінде
пайда болуы мүмкін. [Бұрын] қалай айтылды: жоғарғы қарқынды түрлер мен әрекеттер
бір-біріне қарсы тұрады, бірақ қарапайым [түрлер мен әрекеттер] қарқындыларымен қатар
өмір сүреді. Сондықтан уақыт араласуы жүзеге аспайды. Мысалы, ынтықтық [қашан] тек
белгілі бір объектіге белсенді бағытталғанда, осы уақытта оның басқа |объектілерге]
қатысы жоқ деп [айтуға болмайды]. Ол бұрынғыша бір ақ, тек қарапайым түрінде өмір
сүреді. Осындай бейнеде ол сонда, тек соларға қатысында ғана өмір сүреді.
Айырмашылық белгі туралы да осыны айтуға [болады].
Уақыттың үш түрі, субстрат — сақтаушыны [сипаттамайды], олар дхарманы немесе,
көрінетін немесе көрінбейтін болатын сапалық анықтылықты сипаттайды. Қашан олар
көрінгенде, олар, сол немесе өзге күйлерді тауып, өздерінің айырмашылықтарына сәйкес
анықталады; [басқаша айтқанда], олар өздерінің күйлерімен [немесе өмір сүру
жағдайларымен] ажыратылады, бірақ субстанциялы емес. Солай жүздік позициясындағы
бірлік жүзді, ондық позициясында — онды, ал бірлік позициясында бірді [білдіреді]. Дәл
осылай бір, және тек сол әйел, және ана, және қызы, және қарындасы аталады.
Кейбіреулер, күй
өзгерістерін [жорамалдағанда], [барлық сипаттамалардың]
өзгермейтіндігі туралы қателік жасау [пайда болады] деп айтады.
Қалайша?
Соның нәтижесінде не уақыт түрлері қызметі [принципі мен] ажыратылған болып
шығады: дхарма өз қызметін атқармаса, сонда ол — болашақ, ал орындаса, онда ол
— нақ осы шақ; қашан [дхарма өз өзінің қызметін] орындап, өмір сүруін тоқтатса,
онда ол өткен. Осындай бейнеде, сапалық анықталған күйлер, [олардың]
сақтаушысы, айырмашылық белгілер және өмір сүру жағдайларының
өзгермейтіндігі туралы [түсінік] пайда болады. Басқалар бұл қате деп айтады. Бірақ
ақиқатында бұнда қателік жоқ. Неге?
Керек десе, олардың сақтаушыларының мәңгілігіндегі гундердің өзара әрекеті
[тәсілдерінің] көп түрлілігі салдарынан. Сол сияқты дыбыс және тағы басқа
бастауы мен соңы болатын гун, саттва және басқалар себепкер болатын сапалық
анықтылық [дербес] түр өзгешелігі болады. Ауысу туралы түсінік осындай
[сапалық анықталуға] қатысты.
Бұл жерде келесі мысалды [келтіруге болады]. [Құмыраны жасау үдерісінде] балшық,
демек субстанция, нақты шар түрін қабылдаудан [өзінің] сапалық анықтылығынан өзге
сапалық анықтылыққа өтеді. [Бұл] — сапалық анықтылықтың ауысуы. Құмыра түрі, өзінің
болашақ айырмашылық белгісін жоғалтып, нақ осы сәтте бар болатын айырмашылық
белгісін табады. Бұл —айырмашылық белгісінің ауысуы. Құмыра әрбір сәтте жаңа немесе
ескі ретінде тәжірибеде бола тұрып, күйдің немесе жағдайдың, өмір сүрудің ауысуын
көрсетеді.