Page 67 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

67
Сонымен [оның] — біресе [сана] аялдамасы, біресе, оның қайта белсенді [өзгерісінің]
көрінуі [жүзеге асады].
[Сана қызметі] аялдамасы сәтінде, санскарлар аялдамасы күшейеді, бірақ белсенді
көрінетін санскарлар әлсірейді, өмір сүру жағдайы өзгерісін осындай бейнеде [түсіну
керек]. Осы, сапалы анықталған күйдің өмір сүруінің жағдайы, өзгерісі болады. Бұнда
субстрат — сақтаушының өзгеруі сапалы анықталған күй арқылы, уақыттың үш түрімен
[сипатталатын] сапалы — анықталған күйдің өзгеруі айырмашылық белгілері арқылы, ал
айырмашылық белгілер өзгерісі — өмір сүру жағдайы арқылы [жүзеге асады]. Басқаша
айтқанда, сапалы анықталған күйдің, айырмашылық белгілерінің өзгеруі салдарлары және
гун өмір сүруі жағдайының өрістеуі бір сәт те тоқтамайды, өйткені бұл өрістеу [мәңгілік]
қозғалыс болады.
Бірақ, гун қызметінің себебі — олардың жеке табиғаты болатыны айтылды. Бұнымен
сезім мүшелері және ["ұлы элементтер"] өзгерісінің үш түрін түсіну керек, өйткені сапалы
нықталған күй мен оны сақтаушы — субстрат арасында айырмашылық бар болады.
Дегенмен, ең жоғарғы ойда тек бір өзгеріс бар, өйткені дхарма, демек сапалы —
анықталған күй — субстрат — сақтаушының жеке түрінен өзге еш нәрсе емес, және
дхарма арқылы сақтаушының тек [белгілі] бір түр өзгерушілігі көрінеді. Бұнда субстрат
— сақтаушыда бардың тек өмір сүруі түрі, [ демек, осы шақта бар болатын] өткеннің,
болашақ және осы кез уақыты түрлері дхармалары туралы өзгерістер жүзеге асады, бірақ
бұл субстанцияның [өзінің] өзгерісі емес. Бұл қай кезде алтын ыдысты қиратып, сосын
оны өзге бір нәрсеге айналдырғанда, бірақ сонда алтын емес, оның өмір сүруінің тек түрі
өзгеретін [жағдайына] ұқсас.
Басқа [демек оппонент], айтады: сақтаушы, дхармадан басқа бір өмір сүретін нәрсе
емес, сондықтан ол [өзінің] сапалы анықталған күйінің ақиқат мәнінің
шекарасынан шықпайды. Егер де ол [өзінің барлық анықталған] күйлерінде бар
болатын, бірақ олардан айырмасы бар [не — де] болса, [онда] ол, шексіз
өзгермейтін, әйтсе де [өзінің] алдыңғы және соңғы күйлерімен байланысқан
[бірдеме] болып байқалар еді.
Бұл [біздің пікіріміздің] қателігін дәлелдемейді. Неге?
Өйткені шексіз бір мағыналы қорытындыға келуге болмайды. Сонымен, бұл үштік
әлем өзінің дара түрлері көрінісін] жоғалтады, сондықтан [оның] мәңгілігі жоққа
шығарылады. Бірақ, және ол, олардың жоғында да өмір сүреді, сондықтан [оның]
жойылуы да терістеледі. Оның "нәзік" [өмір сүру] түріне [гуннің] құйылып,
қосылулары себепші болады, бірақ, құйылып қосылу себебі салдарынан пайда
болатын оның "нәзіктігіне" зейін жетпейді.
Сапалық анықтылық уақыт түрлерінің [барлық үш] айырмашылық белгілері
өзгерістерінде бар болады. Ол қашан өткен айырмашылық белгілермен байланысты және
болашақ пен осы кез [айырмашылық белгілерімен] байланысынан айрылмаса, өткен деп
[аталады]. Осыған сәйкес, қашан ол болашақ айырмашылық белгілерімен байланысты
және осы кез бен өткен айырмашылық белгілері байланысынан айырылмаған болса, [ол]
болашақ [аталады]. Ұқсас бейнеде ол — қашан осы кез айырмашылық белгілерімен
байланысты және өткен мен болашақ айырмашылық белгілерімен байланысынан
айрылмаған болса, осы кезде өмір сүруші, демек — нақ осы шақта бір әйелге әуестікті
бастан кешіруші және басқа да әйелдерге әуестіктен еркін емес, сол ер адам тәрізді.
Дегенмен басқалар: ажыратушы белгі өзгерісі жағдайында, әрбір белгінің асқа