66
Сананың сабырлы ағымы "тоқтатылған" жағдайдағы санскарлармен "жұмыстың"
шеберлігімен байланысты, [немесе, сутрада айтылғанындай] "санскар арқасында" пайда
болады. Осындай әлсірегеннен тоқтауға ұмтылған санскар, сол белсенді көріну қасиетін
иеленген санскармен басылады.
11. Жинақталудың өзгеруі дегеніміз сананың көп бағыттылығының тоқтатылуы және
оның бір бағыттылығының пайда болуы.
Барлық объектілерге бағыттылық сана қасиеті болады; сонымен қатар бір бағыттылық
қасиеті. Көп бағыттылықтың тоқтатылуы оның біртіндеп жойылуын білдіреді. Бір
бағыттылықтың пайда болуы, [немесе сана шоғырлануы], оның көрінісі болады,— [сутра]
мәні осындай. Сана осы екі қасиеттерді қолданушы болады. Сонымен, екі түрлі қасиет —
[көп бағыттылықтың] жойылуы және [бір бағыттылықтың ] пайда болуы оның өзінің мәні
болып, еріп жүретін бұл сана жинақталуға жетеді. Бұл өзгеріс сана жинақталуының дамуы
болады.
12. Және, соңында, сананың бір бағытты өзгерісі — [бұл] өткен және пайда болған
танымдық мазмұндардың теңдігі.
Өйткені, демек бұрын болған шоғырланған сана мазмұны тынышталған [аталады], ал
оның соңынан келген және оған тең мазмұн] — пайда болған [аталады]. Жинақталған
жағдайдағы сана екі [таным мазмұндары түрлерімен] бірдей ажырағысыз байланысты,
және бұл қашан [жинақталу] тоқтатылуы келгенге дейін жалғаса береді. Шындығында бұл
сапалы — анықталған жағдайын] алып жүруші сананың бір бағытты дамуының өзгерісі
болады.
13. Сонымен сапалы анықталудың өзгерістері, айрылатын белгілері және сезім
мүшелерімен элементтер [өмір сүруінің] жағдайы түсіндірілді.
Бұны [сол ойда] демек, сапалық анықталу түріндегі және ажырататын белгілердің [өмір
сүруі] жағдайы түсінігі көмегімен, сананың ертерек өзгеруін түсіну керек, сонымен катар,
сезім мүшелерінің сапалық анықталу өзгерістері және ажырататын белгілері мен
элементтерінің [өмір сүруі], жағдайлары түсіндірілді.
Бұнда сапалық анықталу өзгерістері мен субстрат сақтаушыда [демек сананың]
ажырататын белгі өзгерістері, белсенді жағдайдағы сапалық босаңсулар және олардың
"тоқтатылған" жағдайдағы көрінісі болады. Болашақ уақыттың үш түрімен байланысты
аялдаманы, немесе [өрістеудің] тоқтатылуының үш ажыратушы белгілері бар. Және
ақиқатында, ол осы шақта өмір сүретін айырмашылық белгі ретінде түсініледі және
әлдеқашан бірінші уақыттық түрін жоғалтып — болашақ қасиеті [өзінің] сапалық
анықталуы аймағынан шықпайды. Олай болса, оның ішкі мәні арқылы көрінуінің неден
шығатыны, оның екінші уақыттық түрі болады. Осы қиыншылық жағдайларға қарамастан,
ол өткенмен байланысынан және болашақ ажыратушы белгілерінен айрылмайды.
Ұқсас бейнеде болашақ уақыттың үш түрімен байланысқан [сана жағдайының] белсенді
көрінісінің де үш ажыратушы белгілері болады. Ол [көріну] осы шақта [өмір сүретін]
белгіні жоғалтып, өткен ажырататын белгіні табады, және [өзінің] сапалық анықталуы
аймағынан шықпайды. Бұл оның болашақпен байланысынан және қазіргі ажырататын
белгілерінен айрылмаған — үшінші уақыттық түрі. Нақ осылай пайда болатын [сана
жағдайының] белсенді көрінісі, өзінің болашақ ажырататын белгісін жоғалтып, [жеке]
сапалық анықталу аймағынан шықпайды, жеке түрінде алға шығып, ол өзінің қызметін
жүзеге асырады, нағыз ажырататын белгісін табады. Бұл — оның екінші уақыттық түрі,
бірақ ол да өткен және болашақ [ажыратушы белгілермен байланысынан айрылмайды.