Page 65 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

65
Жинақталу туындатқан санъямаға ие болудың арқасында даналық жарығы пайда болады.
Сол өлшемде, қандай да санъяма [көбірек] тұрақтылық сипат тапса, сондай өлшемде
жинақталу даналығы да [көбірек айқын қалыптасады].
6. Оның қолданылуы сатылы [жүзеге асады].
Санъяма қолданылуы (осы санъяма) көмегімен өткен саты соңынан келетін, сол жаттығу
сатысына жатады. [Жаттығулардың] алдыңғы сатыларын игермеген ешбір [йог] келесі
сатының үстінен аттап, санъяманың жоғарырақ сатыларына жетуі мүмкін емес. Ал оның
жоқтығынан онда даналық жарығы қайдан [пайда болуы мүмкін]?
Одан әрі, Ишвараға сенім салдарынан қай [йогтың] санъямасы жоғарырақ сатыларға не
болса, сол жаттығулардың ең төменгі сатыларында тұрғандардың және т.б. ойын оқу үшін
қолданылмайды.
Неге?
Өйткені ол бұл мақсатқа өзге тәсілдермен жетеді. Соңдай бір сатының тікелей нақ
осы сатыдан соң келетінін тек йога оқытады.
Қалайша?
Бұл туралы : "Йога, йога арқылы танылуы тиіс; йога йога арқылы дамиды. Кім
йогаға ынталы жаттықса, сол йогада ұзақ қуанышты болады" — деп айтылады..
7. Алдыңғылардан [айырмашылығы] ішкі үштікте.
Бірінші бес бақылаудан және басқа [йоганы] жүзеге асыру тәсілдерінен
айырмашылығында, бұл үшеуі — шоғырлану, пайымдау және жинақталу — танымдық
жинақталудың ішкі [тәсілдерінің] мәні.
8. Және олар — "тұқымынан айрылғанның "сыртқы [жинақталулар тәсілі].
Осы үш ішкі жүзеге асыру тәсілдері, йоганың "тұқымынан айырылған" сыртқы [тәсілдері]
болып алға шығады.
Неге?
Өйткені ол олардың тоқтауында пайда болады. Бірақ сана [қызметінің] тоқтауы
сәтінде гун өрістеуі жалғаса берсе, онда бұндай жағдайда сана табиғатының
өзгерісі қандай?
9. Тоқталу [сатысындағы сана] өзгерісі, сана тоғарылуы сәтімен байланысты [оның
қызметінің], белсенді санскрлардың әлсіреуі және жабырқаған жағдайдағы санскар
пайда болуынан [өзге еш нәрсе емес].
Белсенді көрінетін санскарлар, немесе қалыптастырушы факторлар, сананың
(психиканың) сапалық анықталған жағдайы; оз мәндерінде олар таным актісі болмайды
және сондықтан, таным актілерінің тоқтатылуымен тоғарылған болуы мүмкін емес.
Жабырқаңқы (сөзбе-сөз "тоқтатылған"; — ауд) санскарлар сонымен қатар, сананың
сапалық анықталған жағдайы болады. Олардың әлсіреуі және көрінуі белсенді әрекет
істеуші санскарлардың азайып келе жатқанын білдірсе, ал [олардың орнында]
"тоқтатылған" санскарлар өмір сүреді. Тоқтатылу сәті санамен ажырағысыз байланысты.
Бұндай әрбір сәтте осы санада болатын санскарлар кезектесуі тоқтатылу [сатысындағы
сананың] өзгерісі болады. Сонда санада [тек бір] санскарлар, немесе қалыптастырушы
факторлар қалады. Бұл [сана қызметінің] тоқтатылуында жетуге болатын жинақтаумен
байланысты [ертерек] түсіндірілген болатын.
10. Оның сабырлы ағымына санскар арқасында [жетуге болады].