64
қашан аналық ара қонса төмендейтіні сияқты, сезім мүшелері де солай сана [қызметінің]
тоқтауымен оз қызметтерін тоғарады. Осы дерексіздену болады.
55. Оның арқасында сезім мүшелерінің толық бағыныштылығына ]қол жетеді].
Кейбіреулер — дыбысқа жөне т.б. [объектілерге] ынтыға әуестенудің болмауы — бұл
сезім мүшелерін бақылау немесе бағындыру болады,— деп есептейді. Ынтыға әуестену
әбден берілу болады: ол [йогты] шадымандықтан алаңдатады. [Басқалар] тиым
салынбаған сезімдік тәжірибе толығынан заңды болады, [деп айтады]. Өзгелер [сезім
мүшелерінің] дыбыстармен және басқа [объектілермен] қосылуы өзінің тілегімен [жүзеге
асуы мүмкін],— деп есептейді. Тағы біреулер сезім мүшелерін бағындыру,— дыбыс және
т.б. қабылдаудан, дұшпандық пен ынтыққан тілектің болмауынан азап шегуден немесе
ләззаттан босану деп ойлайды.
Дегенмен Джайгашавья бір нүктеге сананың шоғырлануы салдарынан тек болғаны,
сезімдік қабылдаудың жоғалуын [сезім мүшелерін бағындыру] болады деп айтады. Демек,
сана қызметінің тоқтағанындағы, сезім мүшелері қызметінің тоғарылуының толық
бақылануы. Сондықтан йогтар [белгілі бір] күш салуды керек ететін, басқа сезім
мүшелерін бағындыру сияқты өзге тәсілдердің қолданылуын керексінбейді.
Үшінші тарау
Жетілген қабілеттер туралы
[Жоғарыда йоганың] жүзеге асырылу тәсілдері, [демек] бес сыртқы сыңарлары
қарастырылды. [Енді] шоғырлануды қарастыру қажет.
1. Шоғырлану сананы [нақты бір] орында белгілеу.
Шоғырлану сананы қызмет тәсілі бойынша кіндік ұясында, жүрек лотосында, бастың нұр
шашқан [орталығында], мұрынның ұшында және [дененің] басқа сәйкес орындарында
немесе сыртқы объектілерде белгілеу болады.
2. Пайымдау (дхьяна) сананың [біртекті] жағдайларының осы [орында] жинақталған
нүктесі болады.
Сананың пайымдалатын объектіде, нақты бір орында жинақталуы [болатын], [немесе
басқаша сөздермен айтқанда], өзге мазмұндармен бұзылмайтын, сана мазмұнының бір
текті ағымы дхьяна, демек пайымдау болады.
3. Тек объектілерді жарықтандыратын [және] жеке түрінен айрылғандай, дәл сол
жинақталу (самадхи) болады.
Қашан пайымдау тек пайымдалатын объект түрі ретінде көрінгенде, болашақ өзінің жеке
түрінен, демек өзіндік санасынан айрылғанда, сонда пайымдалатын [объектінің] ішкі
мәнінде толық ерігендігі салдарынан ол жинақталу деп аталады. Осы үш [сананың
жоғарғы функциялары] — бірге алынған шоғырлану, пайымдау және жинақталу —
санъяма [атауын алады].
4. Үшеуі бірге — санъяма.
Бір және сол қолданылу аймағына ие [йоганың] жүзеге асуының үш тәсілі санъяма
аталады [демек сананың жоғарғы пәні]. Сондықтан санъяма бұл жүйедегі осы үш [сана
функцияларын белгілеу] үшін техникалық термин болады.
5. Оған ие болудың арқасында даналық жарығы [пайда болады].