Page 63 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

63
жағынан буға айналатыны тәрізді, [ауа] қозғалысы да солай, ішке тарту мен шығаруда бір
уақытта тоқтайды.
Одан әрі, осы үш [пранаяма түрлері] кеңістіктегі орнымен реттеледі, [демек олардың әр
қайсысының] қандай да бір таралу аймағы бар. Олар уақытта реттеледі, демек, олар
өздерінің ұзақтықтарында қандай да бір сәттер санымен шектелген — [сутрада
айтылғанның] мәні осындай. Олар сондай-ақ санымен де реттеледі: бірінші көтеру
[праны] қандай да бір ішке тарту мен шығарулар санымен, тоқтатылған екінші көтеру
[праны] — қандай да бір санмен; сол сияқты үшінші де [өлшенеді]. Ұқсас жағдайда
[пранаяма тәсілімен] әлсіз, орта, және күшті [болуы мүмкін]. Сонымен [пранаяма түрлері]
сандық қатынастарда реттеледі. Сондықтан тұрақты жаттықтырылатын [пранаяма] ұзақ
жөне нәзік қалыптасады.
51. Төртінші [пранаяма түрі] ішкі және сыртқы орталардан басым болады.
Орнымен, уақытпен және санымен реттелетін [пранаямалардың] сыртқы ортасы жеңілген
болып шығады. Тап осылай [пранаяма таралуының] ішкі ортасы да жеңіледі. Екі жағдайда
да [пранаяма] ұзақ жөне нәзік.
Төртінші пранаяма екі [ортадағы прана] қозғалысының жоқтығы болса, оған бірте — бірте
алдыңғы сатыларға толық не болу нәтижесінде жетуге болады. Үшінші пранаяма,
дегенмен [прана] қозғалысының [оның таратылатын] ортасына қатыссыз бір сәттік
тоғарылуы; ол сонымен қатар орнымен, уақытымен және санымен реттеліп, [және
жаттығулармен тікелей байланыста] ұзақ және нәзік [қалыптасады]. Төртінші пранаямаға
не жатады, онда ол ішке тарту мен шығару аймақтарының шектелуі арқасында екі сатыны
біртіндеп жеңу салдарынан [прана] қозғалысының тоқтауы болады. Оның [үшінші
пранаямадан] айырмашылығы осында болады.
52. Соның арқасында жарық үшін кедергілер жойылады.
Өзін пранаяма жаттығуларына бөле жармай толық арнаған йогте ажырататын білімге
кедергі болатын карма жойылады. Бұл туралы: "ұлы мохо [туындататын] болмашы іс
салдарынан және сезім мүшелерінің алдамшылығынан жарық табиғатына ие болған саттва
күңгірттенеді, және істемеуі керек болатынға жиырылады" — деп айтылады. Сондықтан
жарық үшін кедергі және болмыс иіріміне таңатын шынжыр болатын [йогтың] кармасы
әрбір сәт сайын әлсірейді, пранаяма жаттығуларын пайдалану салдарынан қирайды.
Осыған байланысты: "Пранаяманікінен жоғарырақ жанқиярлық жоқ: соның арқасында
[барлық] былғаныштылардан тазару [жүзеге асады] және білімнің анық жарығы пайда
болады" — деп айтылады. Тағы не?
53. ...және манастың шоғырлануға қабілеттілігі.
Атап айтқанда, пранаяма жаттығуларын пайдалануы арқасында [интеллект еркін
шоғырлануға қабілетті болады], және [жоғарыда "айтылғанындай], прана тоқтатылуы мен
одан шығуы арқасында [ол тұрақтылыққа жетеді]". Бұдан әрі, [сезім мүшелерінің]
дерексізденуі деген не?
54. Өз объектілерімен байланысы болмағанда, сезім мүшелері қалай да сананың ішкі
түріне ереді — дерексіздену [осы болады].
Қашан сәйкес келетін объектілерімен қосыла алмағанда сезім мүшелері, қалайда сананың
ішкі түрлеріне еріп, сана тәріздес [оның мазмұны өрістеуінің] тоқтағанындай [өзінің
қызметін] тоғарады. Олар басқа тәсілдерді [мысалы], өзге сезім мүшелері жағынан
бақылауды керек қылмайды. Қашан аналық ара ұшқанда, аралардың жоғары көтерілетіні,