Page 62 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

62
43. Жанқиярлық арқасында былғаныштың жойылуы салдарынан дене мен сезім
мүшелерінің шыңдалуына [жетуге болады].
Тек жанқиярлық жаттығулар ғана [кез келген] ластандыратын кедергілер себепші болған
былғаныштарды жоюға қабілетті. Ластандыратын кедергілер жойылуы салдарынан
денелік жетілген қабілеттер [пайда болады] — (анима) және басқалар ең кіші мөлшерге
дейін кішірейеді. Осындай бейнеде, сол сияқты сезім мүшелері де жетіліп — есіту, үлкен
қашықтықтардан көру қабілеттері және т.б. пайда болады.
44. Өзін өзі оқыту нәтижесінде нағыз құдаймен байланыс [пайда болады].
Құдайлар, ришилер және [ұлы] сиддхалар өзін өзі оқытуға бейімделген [йогтың]
көзқарасы аясына кіреді, және оның жұмысына араласады.
45. Ишвараға сенім арқасында [йогалық] жинақталу жетілу табады.
Сол, кім өзінің бар өмірін Ишвараға бағыттайтын болса, [йогалық] жинақталуда жетіледі,
соның арқасында ол, нені тілесе [керек десе ол] басқа жерде және басқа уақытта [болса да]
бәрін қатесіз таниды. Осыдан, оның даналығына олардың бәрі ақиқатта қалай өмір сүрсе,
солай ашық. Өзін бақылау және [діни] ұйғарымдарды сақтау жетілген қабілеттер
[нәтижесінде табылатындармен] бірге түсіндіріледі. Одан әрі біз асана және басқаларды
сипаттаймыз.
46. Асана қозғалыссыз және ыңғайлы [дене қалпы] болады.
Мысалы, лотос дене қалпы, батырдың дене қалпы, жағымды дене қалпы, свастика, таяқ
кейпі, көмекші тірек кейпі, жатқан дене қалпы, отырған тырна дене қалпы, жатқан піл
дене қалпы], шөккен түйе [дене қалпы), тепе-тендік дене қалпы, қозғалыссыз ыңғайлы
дене қалпы, осындай бағыттағы ең бір жеңіл және берік [дене қалыптары].
47. Күш салу тоқтатылғанда [немесе] шексіздікте жинақталғанда...
Сөйлемнің түсіп қалған бөлігі: [Асанаға] жетеді... Асана шыңдалуына [барлық] дене
қозғалысының ширығуы |толық] тоқтатылғанда, немесе асана сананың шексіздікте
жинақталуынан жүзеге асады.
48. Оның арқасында жұп қарама-қарсылардың әсері тоқтатылады.
Асанаға не болуы нәтижесінде [йог] жұп қарама-қарсылықтардың — суық, ыстық және
т.б. әсерлеріне шалдығады.
49. Онда болғанында пранаяма демек, ішке тартылатын және шығарылатын [ауа]
қозғалысы тоқтатылуы [жаттығады].
Асанаға ие болғанда пранаяма [жаттықтырылады], [демек тыныс алу реттеледі]: тарту —
сыртқы ауаны ішке кіргізу, шығару — өкпеде болатын ауаны сыртқа шығару. Тартылатын
жөне шығарылатын [ауа] қозғалысының тоқтатылуы, демек соның және басқаның
болмауы, пранаяма болады. Дегенмен ол,
50. Сыртқы, ішкі [немесе қалай тынысты] ұстау ретінде көрінеді, орнымен, уақытымен
және санымен [жаттығулар арқасында] ұзақ және нәзік [болып] реттеледі.
Қашан шығарудың алдын алатын [ауа] қозғалысы пранаямасы сыртқы [деп аталады],
қашан ішке тартудың алдын алатын [ауа қозғалысы жоқ болғанда, ол ішкі]. Тыныс]
тоқтату ретіндегі [пранаяма түрінің] үшіншісі қашан бір күш салудың салдарынан сол да
және басқа да тоғарылғанда жұмыс істейді. Күйіп тұрған тасқа құйылған судың барлық