Page 61 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

61
35. Йог күштемеуді мойындағанда оның бар кезінде жауыздық жойылады.
Барлық жан иелерімен [осылай] болады.
36. Ақиқатты бекіткенде әрекет пен нәтиже [оған] тәуелді болады.
[Қашан йог айтқанда]: "Әділ бол!" — [адам] әділ болады; "Иә, сен аспанға жетесің!",—
[адам және] аспандық [өмір сүру түріне] ие болады. Оның сөзінің қателеспейтін күші бар.
37. Ұрлық істемеуді бекіткенде барлық қымбат заттар йогқа] құйылады.
Қымбат заттар оған жан — жақтан құйылады.
38. Ұстамдылық бекітілгенде қуатқа ие болу [жүзеге асады].
Ұстамдылық нәтижесінде [йог] өзінің кедергілер кездестірмейтін қабілеттерін күшейтеді.
Шыңдалуға жетіп, ол өзінің білімін оқушыларына бере алады.
39.Сыйларды қабылдамауға беріктікте туылумен байланыстылардың [бәрінде]
салыстырмалы толық ағару, арылды [пайда болады].
Онда [сұрақтар] пайда болады: "Мен кім болдым? Мен неге болдым? Бұл қалай [жүзеге
асты]? Неге? Біз кім боламыз? Неге біз боламыз?" Және осындай жағдайда оның
өткендегі, болашақтағы және аралықтағы жеке өмір сүру [жағдайлары] туралы білгісі
келген тілегі өзінен өзі қанағаттандырылады. Осы жетілген қабілеттер (яма) өзін
қадағалау тұрақтылығына жеткенде [пайда болады]. Енді (нияма) ұйғарымдарын сақтаған
кезде [пайда болатын жетілген қабілеттерді] қарастырамыз.
40. Тазалық арқасында өзінің денесіне жеркеніш [пайда болады] және басқалармен
жанасу тілегі жоқ.
Тазаруға жаттығушы [йог] өзінің денесіне жеркеніш сезімін байқап, оның барлық
ақауларын көреді және оған [ешқандай] құштарлықты сезінбей, тақуа болады. Одан әрі,
"басқа денелермен жанасуға тілектің жоқтығы". Денеліктің шынайы табиғатын бақылап,
[йог] сумен, жермен және басқа [тәсілдермен] тазаланғаннан кейін де таза емес болып
қалатынын көреді, және керек болса жеке өзінің денесінен де босануды тілейді — ол
сонымен қатар ең жоғарғы дәрежедегі таза емес басқа денелермен байланысқа ұмтыла ма?
41. Саттва тазалығы, менталъдік қанағаттану, [сана] жиналуы, өзін байқау қабілеті
және сезім мүшелерін бақылау.
[Сөз "және] пайда болады" сөйлемді аяқталған қылады. Тазару [жаттығулары] арқасында
саттва тазалығы, одан — ментальдік қанағаттану, одан — [сананың] жинақталуы, одан —
сезім мүшелерін бағындыру, одан парасат сатысының өзін бақылау қабілеті пайда болады.
Бұның бәрін [йог] табандылықпен тазару жаттығулары арқасында табады.
42. Жоғарғы бақытты табу қанағаттану салдарынан [мүмкін болады].
Осыған байланысты: "Сезімдік әлемде қандай да болмасын бақыт, және құдайлар
[әлемінде] жоғарғы қандай да болмасын шадымандық, керек десең екеуі де тілекті жою
кезінде табылатын шаттықтың он алтыдан бір бөлігімен де салыстырылмайды" — деп
айтылады.