Page 60 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

60
ойларды қалдырып мені оларға ит сияқты қайтадан беріледі. Өзінің құсығына қараған
иттей, мен де неден құтылсам, соған қайтып келеді" — деп ойласын.
Осындай [жаттығулар] басқа сутраларда, сол сияқты [және айтылған жағдайларда]
пайдаланылған болуы мүмкін.
34. Күштеу туралы және сол сияқты — сараңдық, ашу немесе] адасу салдарынан пайда
болған әлсіз, орташа және күшті істелген істерге талаптанған, [немесе] мақұлданған
жалған ойлар [өзінің бар] сансыз жемісімен азап шегу және білімсіздік болады:
сондықтан олардың қарама — қарсысын тарату қажет.
Бұл жерде бәрінен бұрын істелген, сонымен істеуге талаптанылған күштеу [ол] — үш
түрлі. Өз кезегінде [үш түрлі күштеудің әр қайсысы] өз кезегінде тағы үш түрлі: ет және
тері үшін сараңдық салдарынан; "Ол [маған] зиянын тигізді" — ашу салдары; "бұл менің
еңбегіме барады" — надандық сындары.
Сондай-ақ сараңдық, ашу, надандық та үш түрлі: әлсіздер, орташалар және күштілер:
осыдан күштеудің жиырма жеті түрлері есептеледі. Одан әрі, сондай-ақ [бұл қасиеттердің
өзі] — әлсіз, орташа және күшті — үш түрлі [болады]: әлсіз — әлсіз, әлсіз — орташа, әлсіз
— күшті, орташа — әлсіз, орташа — орташа, орташа — күшті және соңында, күшті —
әлсіз, күшті — орташа, күшті — күшті. Осындай бейнеде күштеудің сексен бір түрін
[бөлектеуге болады].
[Дегенмен, басқа жағынан, түрлер саны] күштеудің міндетті, міндетті емес және жалпы
[ұйғарымдарының] айырмашылығы салдарынан және тірі жандар түрінің санауға
келмейтіндігінен сансыз. Ұқсас жағдайда [осы топтау] сол сияқты жалған және басқа
[ақаулар] жағдайларына да қолданылады. Шынында, бұл "жалған ойлардың өзінің жемісі
сансыз азап шегу және білімсіздік болады, сондықтан олардың қарама — қарсысын тарату
[қажет]". [Бұл] осындай [жалған ойлардың] шексіз салдарлары — азап шегу және
надандық болатынын білдіреді, сондықтан олардың қарама — қарсысын тарату қажет.
Белгілі болғандай, кім күштеуге сүйенсе сол, алғашында өзінің құрбанын күшінен
айырады [мысалға оны байлап], сосын оған пышақпен немесе басқа [құралмен]
шабуылдап, азап шектіреді, соңынан өмірін қияды. Бірақ ол [өзінің құрбанын] күшінен
айырғанда, оның өмір сүруінің жеке бастауы — санасы мен ағзасы — қуатын қоса
жоғалтады. Азап шектіріп, оның өзі [әр түрлі] тозақтарда немесе аш рухтар, жануарлар
[әлемінде туылып] және т.б. азап шегеді. [Өз құрбандарының] өмірін қиып, ол әрбір сәтте
өз өмірінен айырылу қаупінде өмір сүреді, бірақ керек десе ол өлім тілеп, қалай да болса
әлі тыныс алады, өйткені өзі [себепкер] болған азап шегудің салдарын сөзсіз көруі керек.
Егер тіпті [ерте жинақталған] ізгіліктері арқасында күштеу [салдары] қалай да жеңілдеген
болса да, бақытты [туылу түріне] ие болғанда да, оның өмірі қысқа болады.
Ұқсас бейнеде [осы топтау] сонымен қатар жалған және басқа [ақаулар] жағдайларына да
қолданылады. Жалған ойлардың сөзсіз келетін салдарлары туралы, [өзі үшін ең жоғарғы
дәрежеде ненің] тиімділігі туралы осылай толғанған [йог] оз парасатын жалған ойларға
бағыттамайды, [бірақ] олардың ақтық жойылуы себебі [тек] қарама — қарсысын
таратудан [мүмкін болады]. Қашан жалған ойлар енді пайда болмайтын болғанда, сонда
осындай нәтиже туындататын құдіреттілік йогтың жетілген қабілеттерінің белгісі
қызметін атқарады. Мысалы,