Page 59 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

59
Сыйларды қабылдамау — [әкелінген] заттарды алумен, сақтаумен, жоғалтумен, оларға
әбден берілушілікпен, олардың зақымдануына байланысты барлық [жетімсіздіктері]
нәтижесін түсінуден бас тарту болады. Өзін бақылаудың бұл [бес түрі] осындай. Олар.
31. Каста бөлінісімен, орнымен, уақытпен, жағдайлармен шектелмеген, демек болашақ
әмбебаптығымен "Ұлы уәде" [аталады].
Бұнда күштемеу кастамен шектелген, [мысалы, бұл] балықшының тек балыққа
қатынасындағы күштеу, бірақ кімге де болса басқаға емес.
Орнымен шектелген [күштемеу]: "Мен қасиетті орындарда өлтірмеймін". Уақытпен
шектелген [күштемеу]: "Мен [айдың айының] он төртінші күнінде де, игілікті нышан
күнінде де өлтірмеймін". Жағдаймен шектелген [күштемеу] — сол үшін, кім үш [еске
алынған түрлерден] бас тартса: "мен құдайлар мен брахмандар мақсаты үшін өлтіремін,
бірақ өзге мақсатта емес". Ұқсас бейнеде кшатрилер тек соғыс кезінде күштеу жасайды,
бірақ өзге жағдайларда емес.
Күштемеу және сол сияқты кастамен, орнымен, уақытпен және жағдайлармен
шектелмеген [өзін бақылаудың түрлері, өмір сүрудің] барлық сатыларында, барлық
объектілерге қатысында әрқашан сақталуы керек. Әмбебаптық — қандай жағдайда да
ешбір ерекшелікті білмейді. Сондықтан [өзін бақылаудың осындай түрлері] "Ұлы уәде"
аталады.
32.
[Діни] ұйғарымдарды сақтау — [бұл] тазалық, қанағаттану, сопылық, өзін оқыту
және Ишвараға берілгендік.
Бұнда жер, су және басқалар арқасында жететін тазалық, сонымен қатар таза ас ішу және
тағы басқалар сырттай тазалық болады. Ішкі [тазалық] — бұл сананың ластануын жою.
Қанағаттану — аса қажеттен артықты иелену тілегінің болмауы.
Сопылық, [немесе аскеттік] —бүл аштық және шөл, суық пен ыстықты, түру мен
[қозғалмай] отыру шектерін шыдамды бастан кешіру, сонымен қатар толық үнсіздік пен
сыртқа сырын сездірмеу. Бүл және бұған сәйкес келетін уәде — тәнді жансыздандыру,
чандраяна, қатал шіркеу жазасы және басқалар. Өзін оқыту — бұл босануды [түсіндіруші]
шастрды оқып білу, немесе қасиетті бірінші сөз саптауды көп рет қайталау. Ишвараға
берілгендік [демек, Оған үміт] барлық әрекеттерді осы Жоғарғы тәрбиешіге арнау болады.
"Кім ақылға саюдың жалған торын жыртса, және өзінде болса, ол жатыр ма, әлде отыр,
немесе жолда сандалса да, сол болмыс иірімі тұқымының қирауын көре алады, мәңгі
босанған және мәңгілік өмір шаттығымен ләззаттанады". Осыған байланысты: "осыдан,
[демек Ишвараға берілуден], шынайы жандылықты андау, сонымен қатар кедергілерді
жою пайда болады" — деп айтылады. [Қашан] өзін бақылауда және [діни] ұйғарымдарды
сақтауда
33. жалған ойлар кедергі [қызметін атқарса], олардың қарама-қарсы [дамыту] қажет.
Осы брахманда қашан күштеу, оны дұрыс жолдан алып кететін, кедергі қызметін
атқаратын және т.б. туралы жалған пікірлер пайда болса, [мысалы]: "кім маған кедергі
келтірсе, мен соны өлтіремін", "мен сол сияқты өтірік айтамын", "мен (оның заттарын
иеленемін", "мен оның әйелін азғырып әкетемін", "мен оның меншігінің қожасы боламын"
— жанталаса сандырақтаған сияқты, [ойларға], ол тілесе қарама — қарсы ойларды
тартсын: "Сансараның қыздырылған көмірінде құрылған мен, йог жаттығуларымен
қорғануға жүгініп, барлық тірі жандарға қауіпсіздік сыйлаймын". Мейлі ол: " Жалған