5
8. Жел боп мен есемін,
Әлемді түгел кеземін.
Жерде көсіле, аспаннан да жоғарылап,
Ұлылықты жүрермін әркез ондап.
Ригведа, X, 129
9. (Космогония гимні)
7. Бұл дүниенің түбірі қайдан,
Жасады ма (оны кім) бар мен жоқтан?
Дүниені кім көрсе жер мен көктен,
Ол бәрін біледі. Білмегені неліктен?
18. (Брахман)
Бұл (дүние) бастапқыда Брахманға ұқсады. Брахман өзінен құдайларды жасады. Ол
жасаған құдайларды дүниемен араластырып, бұл дүниеге — отты, ауа кеңістігіне —
желді, аспанға күнді көтерді...
О баста құдайлар да мертігетін, өлімге ұшырайтын болған. Олар Брахман арқылы осы
(дүниелерге) жеткесін, өлмес мәңгілікке айналды.
19. (Шындық пен жалғандық)
12... Праджапатиден туылған құдайлар мен асураларда (өз) әкесінің мұрасын, шындық пен
жалғандықты, ақиқат пен өтірік сөзді бөлісуге жиналды. Олар, құдайлар мен асуралар
бірдей шындық пен жалғандықты айтты. Олар ұқсас сөздерімен бірдей болды.
Құдайлар біртіндеп шындыққа үйіріліп, жалғандықтан бас тартты. Асуралар шындықтан
шеттеп, жалғандыққа шүйілді.
Асурадағы шындық былайша ойланды: "Нағыз құдайлар шындықты ірік теп,
жалғандықтан бас тартты. Менің сонда барғаным дұрыс болар"! Шындық құдайларға
келді.
15. Құдайлардағы жалғандық та ойланды: "Асуралар, расында, жалғандықты жағалап,
шындықтан бас тартты. Менің сонда болғаным дұрыс болар!" Жалғандық асураларға
келді.
16. Содан құдайлар бүкіл шындықты, асуралар жалпы жалғандықты айтты. Шындықты
әдейі айтқан құдайлар әлсіз әрі, кедей болып көрінді. Соңдықтан шындықты әдейі арнап
айтқандар әлсіз де, кедей болып қалды. Бірақта шындықты айтқандар ақыры қуаттанды,
өйткені құдайлардың өздері ақыры күшіне енді.
17. Дегенмен, жалғандықты әдейі айтқан асуралар біртіндеп күшейді, ылғалды сортаң
жердей құнарын арттырды. Сондықтан кімде-кім жалғандықты әдейі айтса, ол күшейеді,
сортаң жердей байымақ. Бірақ ол түбінде жеңіліске ұшырайды, өйткені асуралар ақыры
жеңіліске ұшырады.
20. (Көру және есту).