Page 58 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

58
құру себебі — алтын үшін шебердің іскерлік жұмысы. Ұқсас жағдайда тек бір және сол
әйел туралы түсініктің өзгеруі себебі [ментальдік] топастық жағдайындағы
мағлұматсыздық, азап шегу жағдайындағы жауыздық, бақыт жағдайындағы құмарлық,
[толық] қызықпаушылық жағдайындағы ақиқат білім болады.
Қолдау себебі — [мысал бұл], сезім мүшелері үшін дене және, [керісінше] дене үшін сезім
мүшелері; "ұлы элементтер" — денені [қолдаудың себебі], оз кезегінде барлық басқа
денелерді [өзара қолдау себебі болады], өйткені жануарлар, адамдар және құдайлар өзара
пайдаға қызмет етеді.
Тоғыз себеп осындай. Және сонымен қатар олар басқа объектілерге де қанша мүмкін
болса, сондай өлшемде таңылуы мүмкін. Дегенмен йог құралдарын пайдалануға не
жатады, [онда бұл жерде] тек екі түрлі себептілік бар. Алда йогтың [көмекші] тәсілдері
қарастырылады.
29.
Өзін бақылау, [діни] ұйғарымдардың сақталуы, [йог] дене қалпы, тыныс реттелуі,
[сезім мүшелерін] бұру, [объектіге] шоғырлану, сырттай қарау мен жинақталу — йогты
[жүзеге асырудың] сегіз тәсілі осындай.
[Алда] біз олардың дәйекті мазмұндалған ішкі мәні мен қолданылу тәсілдерін
қарастырамыз.
30.
Өзін бақылау — [бұл] күштемеу, шыншылдық, адалдық, ұстамдылық, сыйларды
қабылдамау.
Бұлардан күштемеу барлық уақытта қандай да болмасын бір тәсілдермен тірі жан иелеріне
зиян келтірмеу болады. Өзін бақылаудың келесі [түрлерінің] және [діни] ұйғарымдардың
сақталуының [өзінің] негізі осы күштемеу. Сондықтан олардың белгіленуі [күштемеу
қабілетін] жетілдіруде болғандықтан, онда бұлар оны үйрену үшін баяндалады. Және
олар, нақ сол күштемеуге жетілген түр беру үшін қосымша құрал] ретінде қолданылады.
Осыған байланысты: "Ақиқатында брахман сол — кім қандай да бір өлшемде көптеген
діни анттарды қабылдағысы келеді және осыған сәйкес, ұқыпсыздық себепші болған күш
көрсететін әрекеттерден бас тартады, күштемеуге [бәрінен бұрын] жетілген түр береді",—
деп айтылады.
Шыншылдық сөз бен ақыл (манастың) ақиқат шындыққа сәйкестігі болады. Көрінген,
қисынды қорытындыланған немесе есітілген қандай болса, сөз бен ақыл сондай. Егер сөз
[кімнен болса да] өз білімін басқаға беру үшін айтылған болса, олар жалған, қате немесе
шынайы мазмұнынан айрылған болуы мүмкін емес. Оларды пайдаланудың барлық тірі
жан иелеріне игілікті мақсаты болады, бірақ оларға зияндық келтіру емес. Егер сөз
[игілікті ниетпен] айтылып, бірақ нәтижесінде тірі жандарға зияндық тигізетін болса, онда
[бұндай сөздер] шыншыл болмайды, тек зұлымдық әкеледі.Жалған шыншылдығынан,
демек сырттай ізгілікті тәріздігінен олар ең жаман зұлымдық болады. Сондықтан тірі
жандар игілігін назардан шығармай, шындықты айту керек.
Ұрлық заңсыз басқаларға [тиесілі] заттарды иелену болады. Оның қарама-қарсысы
адалдық, ашкөздіктің болмауы, өзінің түрінде [ұрламау ретінде] көрінеді. Ұстамдылық
жасырын сұраныстар мен жыныс мүшелері [қызметін] толық бақылау болады.