57
"Оның" [сөзі] "[ажыратылған] андауы пайда болған, сол [йогтың айтқанын]
ауыстырады"."Жеті түрлі" — ажырататынның даналығы қалайда таза емес жамылғы
пайда қылатын ласты кетіру нәтижесінен соң, сананың басқа мазмұндары енді пайда
болмай жеті түрлі болады [демек, келесі] жеті белгілермен [анықталатынын] білдіреді.
(1). Жойылуы керектің [бөрі] танылған; онда танылуы керек болатыннан еш нәрсе
қалмаған. (2). Нені жою керек, соның себебі [толық] қираған; онда қирауы керек
болатыннан еш нәрсе қалмаған. (3).[Сана ағымы] тоқталуы аталынған құтылу тікелей
йогалық жинақталуларда қабылданады. (4). Ажыратушы андау түріндегі құтылу тәсілі
[тоқтаусыз] тарату объектісі болады. Даналық арқасында осы төрт түрлі салдарлардан
босану болады. Не сананың босануына қатысты — сол үш түрлі. (5). Буддха өзінің
қызметін аяқтады. (6). Гундер тау шыңынан құлаған тұрақтылығынан айрылған тастар
сияқты өзінің себебіне сіңуге ұмтылады және [санамен] бірге жоғалады. Бүл гундер қашан
толық сіңгенде, олар қайта пайда болмайды, өйткені оларға қолданыс жоқ. (7). Пуруша
бүл жағдайда гундермен қосылысынан шығып, тек жеке ұрланған, ластанбаған, шексіз
еркін мәнінде болады.
Сонымен, шегіне жеткен жеті түрлі даналықты бейнелейтін Пуруша "шебер" (дана)
ретінде анықталады. Ол керек болса сананың көрінуі жағдайында да босанған және
"шебер" болып қалады, өйткені ол гун [қызметі аймағынан] тыс. Ажыратушы андау
[қашан ол] жүзеге асқанда, [тек сонда] құтылу тәсілі болады. Жүзеге асудан басқа, өзге
[оның іске асу] тәсілі жоқ. Сондықтан [алда] айтылады:
28. Былғаныштарды жоюда йогтың [көмекші] тәсілдерінің қолданылуы салдарынан,
білім жарығы ажырататын аңдауға дейін тарайды.
Келешекте сипатталатын йоганың көмекші тәсілдері — сегіз. Оларды пайдалану
нәтижесінде сөну, демек [оз] мәнінде таза емес, бес түрлі жалған білімдердің жойылуы
орнайды. Оның сөну кезінде шынайы білім көрінеді. Йогты жүзеге асыру тәсілдеріне
жаттығудың артуымен былғаныштар одан сайын жойылады. [Сана былғанышы]
өлшемінің кемуі артқан сайын, оның азайю дәрежесімен сәйкес білім жарығы тым күшейе
түседі. Бүл күшею ажырататын андауға дейінгі, демек Пуруша мен гуннің ішкі мәнін
түсінгенге дейінгі жетілу дәрежесінің жоғарғы деңгейіне жетеді.
Балтаның [заттардың] бөлшектенуінің [құралдық себебі болатыны] сияқты, йогтың
көмекші тәсілдерін әрдайым пайдалану, [сананың] ластануын ажыраудың құралдық себебі
болады. Және әділдіктің қалай бақытты [табу себебі қызметін атқаратындай], ол
ажырататын андауды табудың себебі қызметін атқарады; басқа қатынастарда ол себеп
болмайды.
Шастрада осындай себептердің нешеуі есептеледі?
Автор: "Тек тоғыз, атап айтқанда: пайда болу, сақталу жағдайы, өзгеру, тану, табу,
ажырау, қайта құру, қолдау. Бұның бәрі — себеп [әрекетінің] тоғыз түрі" — деп айтады.
Бұлардан таным үдерісі үшін пайда болу себебі — [бұл] манас; жағдайдың сақталу себебі
[демек ұзақтық] — манас үшін Пуруша мақсаты немесе дене үшін азық; көріну себебі —
түр үшін де, түрді қабылдау үшін де жарық. Өзгеру себебі — манас үшін басқа объект,
[мысалы] от ас дайындау үшін керектігінде. Таным себебі — түтінді қабылдау оттың [бар
болуы] қорытындысы үшін. Табу себебі — ажырататын андау үшін йогтың көмекші
тәсілдерін пайдалану. Ажырату себебі — ластанған [сана] үшін тек сол [практика]. Қайта