Page 56 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

56
көпті] ортақ пәні дербес "мен" және гуннің қосылуы болады. Дара сананың өзінің
буддхасымен қосылуына не жатады, онда
24. Оның себебі — мағлұматсыздық.
[Мағлұматсыздық — бұл] жалған білім себепші болған санасыз эсер ізі — [осы түсініктің]
мәні осындай. Жалған білімнің өткен әсері іздерін сіңірген Буддха дегенмен бұл оның
қызметінің мақсаты болса да, Пурушаның [ақиқат мәнін] аңғармай, өзінің [қарапайым]
қызметін атқаруға қайтып келеді. Дегенмен Пурушаны аңғаруға келген сол [буддха],
өзінің қызметінің мақсатына жетеді. Оның функциясы тамамдалған, көрінбеу жойылған
және сондықтан көздер себебі артық өмір сүрмейді, ол [өзінің бұрынғы функциясын
орындауға] қайта келмейді.
Осыған байланысты белгісіз [оппонент] белсіз адамға қараған ақымақ әйелі туралы әңгіме
айтады. Әйелі айтады: "О менің әміршім! Менің сіңлімнің балалары бар. Неге менде
жоқ"? Белсіз күйеуі айтады: "Өлгенде мен саған ұрпақ әкелемін". Солай, осы кездегі
көзбе-көз бұл білім, сана қызметінің тоқтауына алып келмейді. Оның болашақта оны
шақыратынына қандай үміт бар?
Кім оқытушы статусына жақын, сол бүл [қарсылыққа] жауап береді: "Босану, атап
айтқанда буддха [қызметінің] тоғарылуы бола ма? Бұл тоғарылуға көрінбеу себептерінің
салдарларын жойғанда қол жетеді. Ал көз себебі қызметін атқаратын көрінбеу, көріну
арқасында жойылады". Бұнда босану сана [қызметінің] тоқтауы болады. Неге онда [еш
нәрсеге] негізделмеген қате түсінік [пайда болады]? Сонымен жойылуы керек болатын
азап шегу және "қосылу" аталынған оның себебі [олардың қызметі] жағдайларымен бірге
түсіндірілді. Енді жоғарғы құтқару дегеннің не екенін қарастырамыз.
25.
[Мағлұматтың] жоқтығы салдарынан қосылудың болмауы құтылу болады; бұл —
Көрушінің шексіз жекеленуі.
Пуруша мен буддханың қосылмауы, [демек] көздерді біржолата жоюдың себебі
мағлұматтың жоқтығы болады,— [сутра] мәні осындай. Бұл құтылу Көрушінің шексіз
жекеленуі,
демек
Пуруша
болмысының
[ол
қашан]
гундермен
тым
қосылмаған,араласпаған жағдайы болады.Азап шегудің себебі [әрекетінің] тоғарылуымен,
азап шегудің тоқтатылуы, демек құтылу, келеді. Сонда Пуруша өзіндік түрінде болады —
осылай айтылған. [Осы] құтылуға жетудің тәсілі не болады?
26.
Құтылу тәсілі — сенімді ажырататын аңдау. Ажырататын аңдау Пуруша мен
саттваны [нық] ажырататын білім болады.
Дегенмен бұл [андау] егер жалған білім жойылмаған болса тұрақсыз. Қалай да жеміс
беретін қабілеті жоқ, отта күйдірілген тұқым жағдайына [кездескендей] жалған білім,
солай өзінен аффектілер раджасын сілкіп тастаған, саттваға тиесілі сананың ажырататын
мазмұны ағымы ең жоғарғы анықтық жағдайында болады, және ең жоғарғы үстемдікті
жете түсінеді, лайланбайды. Осы болашақ сенімді ажырататын андау, құтылу тәсілі
болады. Соның арқасында жалған білім отқа күйдірілген тұқым жағдайына келеді, демек
ол жеміс беретін қабілетінен айрылады. Сонымен, осы құтылу тәсілі босанудың жолы
болады.
27. Оның даналығы — жеті түрлі ең ақырғы деңгей.