Page 55 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

55
[олардың] қосылуы [уақытта] бастауы болмайтын ретінде түсіндіріледі. Бұл туралы:
"Субстанциялардың бастауы жоқ байланысы салдарынан, сол сияқты тек [бір] — сапаның
бастауы жоқ байланысы [өмір сүреді] ",— деп айтылады. Келесі сутра қосылу мағынасын
түсіндіруге қабілетті.
23. Қосылу жеке меншік болу қабілеті және әмірші болу қабілеті [ бар соның] ішкі мәнін
аңдаудың себебі болады.
Әмірші — Пуруша көрінетінмен [демек] көру мақсатында өзінің меншігімен байланысқан.
Осындай қосылудың нәтижесінде көрінетіннің қабылдануы тәжірибе болса, ал
Көрерменнің ішкі мәнін андау, құтқару болады. [Әзірге] көрінетіннің әрекеті
тоғарылмайынша қосылудың орын алуы мүмкін емес; сондықтан көріну ажыратудың
себебі деп аталады. Көріну және көрінбеу екі қарама — қарсылығы болады, сондықтан
көрінбеу қосылу себебі деп аталады.
Бұл жерде көріну құтқару себебі болмайды. Көздерді жоюға тек білімсіздіктің жойылуы
салдарынан [қол жетеді]. Осы құтқару болады. Көздердің себебі болатын көріну бар
болғанда көрінбеу жойылады. Сондықтан көріну, демек білім, шексіз ажыратудың себебі
деп аталады.
"Көрінбеу" деген не? Бүл гун қызметінің артықшылығының айырмашылығы бола
ма? Немесе; бүл объектілерді көру меншігінің иесіне "ұсынатын" "алғашқы
сананың" пайда болмауынан, көрінетіннің болғанымен, көрудің өзінің жоқтығы
шығар? Немесе бұл, [жеке] мақсатқа ие болатын гун қасиеті ме? Немесе бүл
мағлұматсыздық [авадья] өзінің ой мазмұнымен бірге жойылғандықтан өзінің ой
мазмұнының тұқымының пайда болуына қызмет етеді ме? Немесе бүл тыныштық
қалпынан кейін сөнген өзіндік қозғалысындағы қалыптастырушы факторлар
[санскарлар] көрінісі ме?
[Соңғы] туралы: "Тек тыныштық күйінде болатын ең алғашқы себеп, ең алғашқы себеп
бола алмайды, өйткені ол түр өзгерістерін өндірмейді. Дәл солай, егер ол тек қозғалыс
жағдайында болса, ол түр өзгерістерінің мәңгілігі нәтижесінен ең алғашқы себеп те бола
алмайды" — деп айтылады. Ол сол жөне өзге сапада әрекет істейтіндіктен, әдеттегі ойда
ең алғашқы себеп атауын алады, бірақ өзгеше негізде емес. Ұқсас пікірлерді басқа
жорамалданатын себептерге де қолдануға болады.
Кейбіреулер көрінбеуді тек көріну қабілеті болады деп жорамалдайды, және бүл: "Ең
алғашқы себеп қызметінің мақсаты өзін — өзі табу болады" шығады. Барлық
танылатындарды тану қабілетіне ие болған Пуруша, [ең алғашқы себепті] өрістеуі
басталғанға дейін көрмейді. Өз кезегінде, барлық салдарлардың себебі қызметін атқаруға
қабілетті көрінетін, бұндай жағдайда қабылданбайды.
Басқалар көрінбеуді осы екеуінің де қасиеті болады деп жорамалдайды. Бұнда көріну,
болашақ көрінетіннің ішкі мәні ретінде қашан ол объект сипаттамасы болғанда [жәрдемші
себеп ретіндегі] Пурушаны керек етеді. Дәл осылай Пурушаның болашақ ішкі мәні
болмайтын көрінетіннің жоқтығы, қашан ол Пуруша сипаттамасы ретінде көрінгенде
[жәрдемдесуші себеп ретіндегі] көрінетінді керек етеді.
Ал өзгелер көрінудің болмауын тек қабылдау негізіндегі білім ретінде түсіндіреді. Бұның
бәрі — шастраларда кездесетін ақылға салар. Осындай көп түрлі ойша құрулардың [азды