Page 54 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

54
Неге?
Танылған және танылмаған объектілердің бар болуынан буддха тоқтаусыз өзгерді.
Оның объектісінің сиыр және т.б. немесе құмыра және т.б. — танылған немесе
танылмаған болуы оның өзгергіштігі туралы куәландырады. Екінші жағынан
объектілердің әрқашан танылған болу қасиеті Пурушаның өзгерістерге
ұшырамайтындығын айқындайды. Неге?
Шынында буддхалар Пуруша үшін объект ретінде біресе қабылданатын, біресе
қабылданбайтын болуы мүмкін емес. Сондықтан Пуруша үшін объект сапасында
алға шығатындардың [бәрі] әрқашан танылған болатыны анықталған. Осыдан
[Пурушаның] өзгеріске ұшырамайтындығы [шығады]. Сонымен, буддхи [әр түрлі
себеп] қосылыстары нәтижесінде жұмыс істейтіндігінен, ол [әрқашан] өзге мақсаты
үшін [өмір сүреді], ал Пуруша жеке мақсаты үшін [өмір сүреді].
Сонымен, буддха үш гун табиғатына ие болады, сондықтан ол барлық объектілердің
[қасиетін] анықтайды, және [демек], гун табиғатын иеленгенмен жанды бола алмайды
[демек ол, сананың таза қуатынан айрылған]. Пуруша болса — гун "бақылаушысы".
Сондықтан ол [буддхаға] тең емес.
Бұндай жағдайда оның [буддхадан] айырмашылығы болу [мүмкіндігі] бар. Ол
шексіз айырмашылық емес. — Неге?
Өйткені Пуруша таза болса да, [демек] сананың [барлық | мазмұның қабылдаса да,
оның [нақты егжей — тегжейін аша алмайды]. Ол осы сана мазмұнын буддхаға
тиесілі ретінде көреді. Буддха қызметін байқаудан ол өз мәнінде буддхи болмаса
да, өзін [солай] көрсетеді. Осыған байланысты, мысалы: "Кім ләззат алады, соның
қуаты өзгеріске ұшырамайды және [объектілерге] сіңірілмейді. Ол қашан өзгеріп
жатқан объектімен сіңірілгендей болса, оңда ол оның қызметі тәсіліне сәйкес
келеді. Сонымен, тек [қалай да] таза сана түрін иеленген буддха қызметіне
ұқсастығы салдарынан ол буддха қызметімен ерекшеленбеген білім өрістеуі
ретінде түсініледі" — деп айтылады.
21.
Көрінетіннің мәні оның мақсатына [қызмет етуде болады].
Көріну [қабілеті] ретінде көрінген, көретін Пуруша қызметінің объектісі сапасында
алдына келеді, сондықтан, көрінетін мәні Пуруша мақсатына [қызмет көрсетуінде
болады]. Бүл оның [демек көрінетіннің] ішкі мәні болады — сутра] мәні осындай.
Қалайша басқа үшін қабылдау объектісі болу [көрінетіннің] ішкі мәні [болатындықтан],
солайша мақсат — тәжірибе мен еркіндіктің жүзеге асырылуында — оны [тағы] Пуруша
қабылдамайды. Жеке түрін жоғалтуы салдарынан көрінетіннің жойылуы жүзеге асады,
бірақ ол [басқалар үшін] жойылмайды.
Неге [бұл пайда болады]?
22.
Дегенмен ол [өзінің] мақсатын жүзеге асырғандар үшін жойылса да, бірақ жалпы
қасиет болатындығынан — басқалар үшін жойылмайды
Дегенмен көрінетін өз мақсатын жүзеге асырған бір Пуруша үшін жойылғанмен, ол [бәрі
үшін] жалпы қасиеті болуы себебінен басқа Пурушалар үшін жойылған жоқ. Көрінетін
дана Пуруша үшін өмір сүруін тоқтатты, бірақ |өзінің] мақсатын әлі жүзеге асырмаған
даналығы жоқ тәжірибе] субъектілері үшін емес. Сонымен, [көрінетін] солар үшін әрекет
объектісі болады жөне — көріну —басқаның ішкі] түрлері арқылы жеке түрін табады.
Сондықтан көріну қабілеті және көрінетін болу қабілеті мәңгілік қасиетке ие болады,