53
ұрықтар] бір, екі, үш, төрт және беске сәйкес келетін қасиеттерге ие болған бес ерекше
емес [түр] болып көрінеді, алтыншы ерекше емес [түр] — бұл "тек даралық" (өзіндік). Бұл
таза болмыс табиғатына ие болған "ұлы"[мән] өрістеуінің алты ерекшелігі жоқ [түрі]
болады.
Онда, ерекшелігі жоқ [түрден] жоғары "ұлы" [деп аталатын] "тек — белгі", болады. Таза
болмыс үлесіне ие болған онда, осы [алты түр] өзінің ең жоғарғы шегіне дейін дамиды.
Олар эволюция үдерісінде, тек осы таза болмысқа ие болған "ұлы" мәнде бола отырып
[бір уақытта] оған да, басқаға да, өмір сүретінге де, өмір сүрмейтінге де өтеді,
көрсетілмеген "белгіден айрылған", ең алғашқы бастау (прадхана) жағдайына өтеді. Бұл
["ұлы" мән] "тек — белгі" түріндегі [гун] өзгеруі болады, ал "белгінің жоқтығы" олардың
"өмір сүретін де, өмір сүрмейтін де" [сатыдағы] өзгерісі. Сонымен Пуруша мақсаты
"белгінің жоқтығы" жағдайындағы [гун өрістеуінің] себебі болмайды. Қалайша Пуруша
мақсаты болу қасиеті [гун өрістеуінің] бастауындағы "белгінің жоқтығы" сапасындағы
себеп жағдайы болса, солайша Пуруша мақсатының болуы бұл жағдайдың себебі болуы
мүмкін емес. Ол Пурушаның мақсатынан туындамайды, сондықтан мәңгі деп аталады.
Гуннің үш ерекше жағдайымен не байланысты болса, онда Пуруша мақсаты болу қасиеті
олардың [өрістеуінің] бастапқы себебі болады, бірақ, бүл мақсат [олардың көрінісінің]
құралдық себебі болса, онда олар мәңгі емес деп аталады. Дегенмен, [айтылған]
қасиеттердің бәріне [сәйкес келетін] бірізділікті талқан гундер жоғалмайды және пайда да
болмайды. Олар қалай да гундерге іштей тиесілі пайда болу және қирау күштеріне
байланысты нақты [эмпирикалық] түрден өтуінен және болашақ пайда болу қасиеттеріне
ие болуынан көрінеді.
[Айтылғанды түсіндіру үшін қарастырылатын] мысал: "Девадата кедейлікке ұшырайды.
Неге?
Өйткені оның сиырлары өледі. Оның кедейлігі — сиырларының өлімінің салдары,
бірақ оның жеке [өмір сүруі] түрінің қирауы салдары емес". Ұқсас пікірді [нақты
эмпирикалық түрлерге де қолдануға болады].
"Тек — белгі" [жағдайы] "белгінің жоқтығы" [жағдайымен] тікелей байланысты. Болашақ
онымен тығыз байланысты ол, дегенмен [одан] ажыратылады, өйткені [гун өрістеуінің]
бір ізділігі бұзылуы мүмкін емес. Дәл осылай, "тек белгімен" тығыз байланысты алты
ерекше [гун өрістеуі түрлерінің] өзгеріссіз бір ізділігі нәтижесінен одан айырмашылығы
бар. Сол сияқты бейнеде ерекшелігі жоқ [түрлермен] байланысты элементтер мен сезім
мүшелерінің [бір уақытта] олардан айырмашылығы бар. Ертерек айтылғандай
ерекшеленген [түрлерден] жоғары [қандай да бір] өзге мән жоқ, сондықтан ерекшеленген
[түрлер] басқа мәндерге өзгермейді. Олардың сапалық анықтылығы өзгерістеріне жататын
қасиеті мен жағдайы болашақта қарастырылады. [Сонымен] көрінетін түсіндіріледі.
Келесі [сутра] көрушінің [демек Пурушаның] жеке түрін анықтауды мақсат етеді.
20. Көрермен қалай да көру қабілетінен өзге емес; дегенмен таза ретінде, [ол] сана
мазмұнының бәрін қабылдайды.
"Тек көріну" [анықтамасы таза] көріну қабілетінен өзге [қандай да бір] нақты
ерекшеленуден еркін еш нәрсені де білдірмейді. Бүл [Көрермен, демек] Пуруша
буддханың рефлекстік [немесе психикалық] біліміне ие болады. Ол буддхаға тең емес
және одан шексіз айырмашылығы жоқ. [Бұны толығырақ қарастырамыз].
Сонымен, ол [буддхаға] тең емес.