Page 52 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

52
араласпайтын [олар] бір және тек соған немесе әр түрлі кластарға жататын әр түрлі
потенциялардың салдарындай алға шығады. Олар өздерінің бар екендігін тек басты рольге
ие болған жағдайда ғана толығынан табады, керек десеңіз үстем болатын [гундердің
әрекетіне] қосылғанда, олардың бағынышты жағдайында да басқа гундердің] ақиқаттығы
[осылардың] қызметі негізінен қисынды шығарылып алынуы мүмкін; олардың қызметі
Пурушаның мақсаты жүзеге асуы үшін пайдаланылуында болады, магнитпен [бұл
жағдайда қалай болатыны] тәріздес, тек [бір] ғана қасында болғаны себебінен [олар]
көмекші рол атқарады; [гундердің] біреуінің өрістеуіне еріп, [олар қандай да бір сыртқы]
себепсіз жұмыс істейді, өз жиынтығында олар "прадхана" [демек ең алғашқы бастау]
сөзімен белгіленеді. Ол "көрінетін" атауына ие болады.
Сонымен, бұл [көрінетін] өз мәнінде "[ұлы] элементтер" мен сезім мүшелері. Жер және
тағы басқа "[ұлы элементтер]" — қалай нәзік жөне дөрекі түрлерінде дамиды. Сезім
мүшелері есіту және тағы басқалары да қалай нәзік және дөрекі түрлерінде дамиды. Бұл
[көрінетіндер] ешқашан қолданыссыз болмайды; керісінше, ол мақсатты өрістейді, тек
Пурушаның еркіндігі мен ләззат мақсатына қызмет етеді. Бұл жерде ләззат, [демек
тәжірибе Пуруша мен саттва] бөлектенуінен тыс қажет және қажет емес сапалықтардың
жеке табиғатын анықтау болады. Еркіндік — ләззаттанушының [демек Пурушаның]
шынайы табиғатының анықталуы.
Осы екі [анықтамалардан] бөлек өзге білім жоқ. Осыған байланысты: "Ақиқатында, өзге
білімнің бар екендігіне кім қайраткер ретіндегі үш гунде жөне қайраткер емес ретіндегі
Пурушада болса, сол күмәнданбайды, бірақ [бұнда], қайсысы бір уақытта сол және сол
емес тектен болса, олардың қызметін бақылауға ұсынылған [кімге де],төртіншіге барлық
пайда болған өмір сүру түрлері көрінеді" — деп айтылады.
Бірақ қандай жолмен осы екі — [буддха] парасатымен жасалған және тек парасатпен
байланысқан тәжірибе мен еркіндік Пурушаға таңылады?
Әскерлер арқасында жетуге болатын жеңіс пен жеңіліс олардың тек әміршісіне
таңылады, [өйткені] тек сол, олардың жемісінің дәмін тататын болады, осылай тек
парасатқа ілесетін [болмыс иірімі] мен [одан] еркіндікке үйірсектік Пурушаға
таңылады. Тек сол, кім олардың жемісінен ләззат алатын болады.
Әзірге Пуруша мақсаты жүзеге аспайынша, парасаттың өзі бұғауда болады: бұл мақсатқа
жету еркіндік болады. Сонымен санада өрістейтін андау, есте ұстау, ойлау қабілеті,
терістеу, шынайы мән білімі және өмірге құштарлық ақиқат өмір сүретіндер ретінде
Пурушаға таңылады, өйткені тек сол олардың жемісінен ләззат алады.
19. Ерекшелігі жоқ, ерекше, тек — белгі және белгінің жоқтығы гун [өрістеуі]
түрлерінің мәні.
Бұл жерде ["ұлы] элементтер" — акаша (кеңістік), жел, от, су, және жер — ерекшелігі жоқ
дыбыстың "нәзік ұрығы" сезілетін (тактустың), түс, дәм мен иіс [түрлерінің] ерекше мәні.
Ұқсас бейнеде есіту мүшелері, сезу, көру, дәм мен иіс сезімі буддханың ерекше түрі, ал
сөз, қолдар, аяқтар, зәр шығарушы мүшелер мен көбейту әрекет мүшелерінің мәні. Он
бірінші [мүшенің] — барлық [түрлері] манастың (интеллект) объектісі болады.
Бұл [мүшелер] ерекшелігі жоқтың ерекше [түрінің] мәні, [демек жалпының] дара қасиеті.
Бұлардың бәрі гуннің 16 түр өзгерістерінің [жиынтығы] болып көрінеді. Алты ерекшелігі
жоқ [түр] — бұл дыбыстың "нәзік ұрығы", сезудің "нәзік ұрығы", түстің "нәзік ұрығы",
дәмнің "нәзік ұрығы", иістің "нәзік ұрығы". Сонымен, дыбыс және тағы басқа [нәзік