51
Әлдеқашан өзін бұрын болған [өмірлік] тәжірибеден алып кеткен өткен азап шегу,
жойылуы керек болатындардың аймағына жатпайды, ал қазіргі [азап шегу], нақ осы кезде
тәжірибе мазмұнын құрайды жөне [өмір сүрудің] келесі сәтінде жойылуы мүмкін емес.
Осыдан сол, әлі басталмаған азап шегу [демек болашақ азап шегу], басқа тәжірибе
субъектісіне емес, тек сезімтал, көз аясы ретіндегі йогқа азап алып келеді. Тек [осы
болашақ азап шегу], не жойылуы керек болса, соның аймағына жатады. Сондықтан алда
не "жойылатын болуға лайықты" атауын алғандар себебі нақтыланады.
17. Көруші мен көрінетіннің қосылуы не жойылуы керек болса, соның себебі болады.
Көруші — бүл буддханың (парасаттың) рефлексивтік біліміне ие болған Пуруша.
Көрінетін — буддханың нұрланған мәнінде тәрбиеленіп өсірілген барлық қасиеттер.
Сонымен бұл магнит тәрізді әрекет істейтін — көрінетін өзінің тек Пурушаға [бір]
жақындық қасиеті болғаны арқасында, мәні — көру болатын әміршіге тиесілі болады.
Ол, [бүл көрінетін] тәжірибе объектісі болатын қасиетті табады, өйткені ол [қалай да]
солайша өзгенің ішкі мәні үлесіне ие болады. Оз табиғатында тәуелсіз десек те, [демек тек
өзіне тәуелді], ол өзгенің мақсатына қызмет ететіндігінен тәуелді ретінде көзге түседі.
Уақытта бастауы жоқ, [еске алынған] мақсат болжауы себепші болған, көру қабілеті мен
көріну қабілетінің құралы болған осы екеуінің байланысы — не жойылуы керек болса
соның, демек азап шегу себебі болады — [автор келтіретін түсініктеменің] мәні осындай.
Осыған байланысты "азап шегуден сөзсіз құтылу тек осындай қосылудың себебін жоюдың
нәтижесінде мүмкін"— деп айтылады.
Неге?
у-ға қарсы білім күші көмегімен азап шегудің себебінен құтылуға болады.
Сонымен, шаншылған болу қасиеті өкшеге, шанышу қабілеті тікенге [тиесілі]
болса, шанышудан құтылу — аяқпен тікенді баспауда немесе, оны аяқ киіммен
қорғалған аяқпен басуда. Кім күнделікті өмірде бұл үштік байланысты білсе, сол
өзіне қорғануды қамтамасыз етіп, шанышулардан азап шекпейді.
Неліктен?
[Жағдайдың] осы үш жағын түсіну қабілеті күшінен. Осы жағдайда да сондай:
раджас себепкер болған азап шегуден тек саттва ауыруды сезінеді.
Неге [бұлай болады]?
Өйткені азап шегуге себепкер болатын әрекетке қатысында ол [енжар] объект
болып көрінеді. Азап шегуді келтіру, әрекет объектісі ретіндегі саттваға эсер тигізу
болады; объектілер оған "көрінетіндігі" нәтижесінен [ол] әрекетсіз "білгір аясына",
өзгеріске ұшырамайтын таянбайды. Бірақ та Саттва ауруды сезінгенде, оның өмір
сүру түрімен байланысты Пуруша да сол сияқты [қалайда] осы ауыруды бастан
кешіргендей болып көрінеді. [Алда] көрінетіннің жеке түрі туралы айтылады.
18. Көрінетін анықтық, әрекетшілдік және селсоқтық табиғатына ие болған, [ол]
еркіндік пен тәжірибе объектісі болатын өз мәнінде — "[ұлы] элементтер "мен сезім
мүшелері.
Саттва — анықтық (жарық), раджас — әрекетшілдік, тамас — селсоқтық (тыныштық)
табиғатына ие болған. Бұл гундер жеке [мәндер] ретінде өзара әсерге ұшырайды, олар
тоқтаусыз өзгереді, қосылулары және ажырауларымен сипатталады. [Олар] бір — біріне
тірек болуы арқасында түр көрінісіне ие болады және керек десеңіз олардың әр түрлі
потенциялары болады. Бағыныштылық пен үстемдік жағдайында болғанда да, өзара