Page 50 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

50
шегудің өткен тәжірибесінен азап шегу әсеріне бейімдік [пайда болады]. Және осындай
бейнеде, [өткен] әрекет жемісі азап шегу немесе ләззат түрінде жетілгенде қайта-қайта
әрекетке бейімділіктің жиналуы [өрбиді]. Осылай осы бастауы жоқ азап шегу ағымы
өзінің қолайсыз мәнінен кең көлемді тасқындап, йогты да жабырқатады. Неге?
Данышпан көз аясы тәрізді. Дененің басқа бөлігіне емес, [тек] көзге ғана түскенде
өте кішкене түк өзінің жанасуымен ауруға себепкер болады, осылай бұл азап
шегудің
[өткен
әсерлері]
басқа
тәжірибе
субъектісіне
емес,[өзінің
сезімталдығымен] көз аясы тәріздес, тек йогтың ауруына себепкер болады.
Басқалары, кім уақыт өткен сайын жеке әрекетімен шақырылған, қалайда [азды
көпті] қайта — қайта пайда болатын азап шегулерінен құтылса, кім өзінің іс,
әрекетімен шақырылған азап шегуге душар болса, кім бастауы жоқ өткен әсер
іздерімен түрленген сана ағымына толық батқандай болса, кімнің
мағлұматсыздығы — құтылуы керек болатын "мен" және "менікі" туралы [жалған
түсініктер билігіне] тартылуы салдарынан қайта — қайта дүниеге келуден құтылуы
керек болады; — [басқалары] қайта — қайта дүниеге келуден сыртқы, ішкі немесе
сол және өзгелермен, бір себептермен қамтамасыз етілген үш түрлі азапқа
кездеседі. Сонымен, осындай жолмен бастауы жоқ азап шегу ағымына тартылған
тірі жан иелерінің барлық коп түрлілігі мен өзін өзі көрген йог баспананы — кез
келген азап шегудің тоқтатылуының себебін — шынайы білімнен табады.
[Сонымен сутрада айтылған]: "Шынында гунның қайшылықты өрістеуі себептерінен дана
үшін бәрі азап шегу..." [Бүл] парасат табиғатының айқын, әрекетшіл және тыныш
қасиеттерін [білдіреді], болашақ бір — біріне көрсететін "қол қабыс" салдарынан өзара
байланысты тек осы үш сапаға сәйкес келетін сананың тыныштық, долы немесе топас
жағдайы қалыптасады. Гун [демек, берік сапалықтар] өрістеулері өте өзгергіш
болғандықтарынан сана "тез ауысушы" атауын алады.
Жоғарғы түрлер мен [гун] жұмыс істеуінің жоғарғы [дәрежесі] өзара қарама — қарсы,
бірақ қарапайым [түрлер] жоғарғылармен қатар өмір сүреді. Сонымен, бұл гундер, бір —
біріне сүйенетін болғандықтан, сананың [айтылған] жағдайы — қуанышты, азап шегуші,
топас болып көрінеді] және [гундердің] әрбірі [олардың] кез келген түрін қабылдайды.
Дегенмен олардың айырмашылығына бір гуннің басымдығы себепші болады. Сондықтан,
"дана үшін бәрі азап шегу болады", және мағлұматсыздық бұл көп түрлі ұлы азап шегуді
[туындататын] тұқым қызметін атқарады. Ал мағлұматсыздықты жоюдың себебі —
шынайы білім.
Ауруларды емдеу ғылымы төрт түрлі тараулардан: ауру, ауру себебі, емдеу және
дәрілерден тұратыны сияқты бұл шастра да торт тараудан тұрады; атап айтқанда: болмыс
иірімі, болмыс иірімі себебі, азат болу, азат болу тәсілі. Бұлардың ішінен болмыс иірімі
көп түрлі азап шегу ретінде болғандықтан одан құтылу қажет. Құтылу керек болатын
себеп — прадхана мен Пурушаның қосылуы. Құтылу — [бүл] қосылудың шексіз
тоқтатылуы. Құтылу құралы — шынайы білім.
Бұнда кім құтылса, соның өзіндік түрінің табылуы да, қалдырылуы да мүмкін емес,
өйткені қалдырылған жағдайда оның жойылуы туралы ілім, ал [өзіндік түр] табылған
жағдайында [оны туындатушы] себеп туралы ілім қабылданады. Екі ілімнің де
терістелгенін де [Пурушаның] мәңгілігі туралы ілім қалады. Бұл шынайы білім болады.
Сонымен, осы шастра төрт тараудан [тұратын ретінде] анықталады.
16.
Әлі басталмаған азап шегу, [не] жойылуы керек болса, [сол болады].