49
14.
Ізгілік немесе кеселдің [өзінің] алдын ала келісілген нәтижесі ләззат, [немесе] азап
шегу болады.
Олар — [демек] өмірге келуге, өмір ұзақтығына және [сәйкес келетін] тәжірибеге [қашан]
рахымды, [ізгі карма] себепші болса, [оның] нәтижесі ләззат болады; [егер де] кесел
себепші болса, [онда] олардың нәтижесі азап шегу болады. [Қарапайым жан иелері үшін]
азап шегу деген өзінің нағыз мәнінде тиімсіздік болады, йог үшін сезімдік объекті ден
ләззаттанған кездің өзі де тек азап шегу болады, [демек] ол сол, не өзінің мәнінде тиімсіз.
Бұны қалай түсіндіруге болады?
15.
Шын мәнінде дана үшін тоқтаусыз өзгеріске ұшырау, тынымсыздық, [өткен] әсер
іздері, сонымен қатар гунның қайшылықты өрістеуі себебінің бәрі азап шегу болады.
Әрбір [индивидтің] құштарлық, ләззат тәжірибесі оның жүзеге асуының жанды және
жансыз құралдарына сүйенеді. Бұл жағдайда [әр қашан жасырын потенция] немесе
құштарлық туындатқан әрекетке бейімдік өмір сүреді.
Нақ осылайша [индивид] қасірет алып келетін құралдарға қатынасында дұшпандық
жағдайды басынан кешіреді, немесе әбігерге түседі. Басқаша айтқанда, топастық немесе,
дұшпандық, сондай-ақ [демек, ескілікті бір қалыпта қалған аса надандық] туындатқан
әрекеттерге қарсылыққа бейімділікте бар. Осыған байланысты: "Ләззаттың тірі жандарға
зияндық әкелмеуі мүмкін емес" — деп айтылады. Нәтижесінде зиян тигізумен, сонымен
қатар, күш көрсетумен жасалған әрекеттерге қарсылыққа денелік бейімділік те бар. [Тек]
осыдан сезімдік объектілердің ләззаты мағлұматсыздық деп аталады.
Ләззат объектілерімен сезім мүшелерінің сұраныстарын қанағаттандыру бақыт. Ынтыққан
тілектің қанағаттанбауы қасірет. Қайталанатын ләззат дағдыларымен сезім мүшелерінің
қызықпаушылығына жетуге болмайтыны [осыдан туындайды].
Неге?
Өйткені ләззат дағдысының қайталануларынан құштарлық, сонымен қатар сезім
мүшелерінің [ләззатқа] елігуі күшейеді. Тек сондықтан, ләззат дағдысы [өткінші
емес] бақытқа [ие болу] амалы бола алмайды. Ақиқатында, кім бақытқа ұмтылып,
сезім объектілеріне үйір болса, сол азап шегудің ұлы оқпанына батады, шаянның
тістегенінен қорқып, жыланның шаққанына ұшыраған [адамға] ұқсайды.
[Тоқтаусыз]
өзгеріспен
байланысты
болатын
азап
шегудің
бұл
қасиеті
қанағаттанбаушылық деп аталады, [ол] тек [йогқа] ғана қасірет әкеледі, керек десеңіз
бақыт жағдайында болатындарына да.
Одан әрі, мазасызданумен байланысты азап шегу деген не?
Барлық [жан иелерінің] мазасыздық сезімі дұшпандықпен байланысты және оның
жүзеге асуы жанды және жансыз тәсілдерге сүйенеді. Бүл жағдайда да дұшпандық
туындатқан әрекетке бейімділік бар болады. Ләззат тәсілдеріне ие болуға ұмтылған
[индивид] дене, тіл мен парасат дірілін байқайды. Солайша [бұнда] ол
қайрымдылық жасайды, немесе басқаға зиянын [тигізеді], онда басқа [жан
иелеріне] пайда немесе зиян әкелуі салдарынан ол игілікті немесе игіліксіз [карма]
жинақтайды. Осындай әрекетке бейімділік сараңдық, немесе тұнжырау себебінен
пайда болады. Осы тынышсыздықтан қоздырылу азап шегу деп аталады.
Әсердің [өткен іздері, демек қалыптастырушы факторлар себепкер болатын азап шегу
деген не? Ләззаттың [өткен] тәжірибесіне байланысты оның әсеріне бейімдік, ал азап