Page 4 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

4
күз алаулар тыныс таппай.
Ригведа, X, 117
7. (Жомарттық гимні)
1. Аштықты (тек) өлім жазасы деп,
Құдайдың жібергені деме сермеп.
Тоққа да (түрлі) ажал төнеді,
Жомартқа байлық ерте келеді,
Ниетін таппай жалқау неге сенеді.
5. Келер күнге (өмірдің) қарайлаған,
Садақа беруден мұқтажға аянбаған.
Байлық — доңғалақ арбада айналатын,
Біреуден ауысса басқада шайқалатын.
6. Тегін тамаққа ұрынған бейқам, қомағай,
Құлақ салмай дайынды аңдыр оңай.
Қол үшін бермес жалынғанға, жақынға,
Жұлып жейтін жалғыздықпен сүрінер оңбай
7. Соқа ұстап жер жыртсаң тояр қарның,
Қимылдасаң тынымсыз өнер жолың.
Брахманның үйретері артық басқалардан,
Өзгелерге жақындатып жайса жанын.
8.
Қос қол бірдей, әрекеті бірақ әрқалай,
9.
Анасы бір сиырдың сүті күтімге қарай.
Бір жатырдан нәр алған егіздердің,
Бірдей болмас күштері, онысы қалай?
Ригведа, Х,125
7. (Сөз құдайының гимні)
3. Мен — иегері жиналған бар байлықтың,
Бірінші боп ойланам рәсімін құрбандықтың.
Құдайлар жасады мені қамқоршы етіп,
Қашанда әр түрге қосылды көп мәнділік.
4. Менен де демеуді әркім табар,
Айтқанды есітіп көретін, білгір жандар.
Білмесе де (мұны) олар қарамақта,
Құлақ салып айтқанды ұйып тыңда.
Арқа сүйер уайымсыз әрқашан,
Жақының мен бірге кезіп тыныстан.
5. Қаларымды іркілмей айтам құдайларға, адамдарға,
Кімді ұнатсам күшейтем, теңестіріп даналарға.
Брахман болған риш пен данаға болар жар да.