Page 48 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

48
Дегенмен, [оның әсерлі жағдайы қашан] "көрінетін туылуларда" сыналған болуы керек,
сонда тәжірибеге [сәйкес келетін] себеп болатын қасиетінен ол бір салдардың жетілуінің
бастауы негізін қалайды, бірақ ол себеп болатын тәжірибе мен өмір ұзақтығына [сәйкес
келетін] қасиетінен, Нандишвара мен Нахушей жағдайында екі [салдардың] жетілуі
бастауын қалайды. Бірақ бұл сана, балық аулайтын тордай бүтіндей түйіндер мен
тартылып жабылған, бастауы жоқ уақыттан, [санасыз] іздерімен аса қаныққан әсер,
[алдыңғы] аффектілер мен кармалардың қасірет нәтижелері себебінен қалыптасқан.
Осындай бейнеде, бүл санасыз әсерлердің алдын бірден артық өмір сүру алады.
Кармалардың жасырын потенциясына не жанасса, сол тек бір өмір сүруге жатады деп
есептеледі.
Сол санскарлар жад себебінің мәні, санасыз әсерлер ізінен өзгедей еш нәрсе] де емес, олар
бастауы жоқ ұзақ уақыттан өмір сүреді. [Тек] бір өмірге жататын кармалардың жасырын
потенциясына не жатады; оның анықталған салдар жетілуі қандай болса, анықталмаған
салдар жетілуі де сондай. Бұнда келесі заңдылық байқалады: анықталған салдар жетілуі
көрінетін, [демек қазіргі] өмірге келуде сыналуы керек, сонда анықталмаған салдар
жетілуі көрінбейтін өмірге келудің демек болашақ түрлерінде] сыналуы керек.
Неге?
Өйткені [карманың] сол [жасырын потенциясы] көрінбейтін өмірге келудің
[түрлерінде] сыналған болуы керек жөне анықталмаған салдар жетілуінің үш
[мүмкіндік] нәтижелері бар: салдардың жетілуінсіз [карма] жасағанды жою, немесе
басымырақ әрекетке қосылу, немесе сөзсіз болатын салдарды алып келетін басым
әрекетке бағынышты жағдайда ұзақ өмір сүру.
Бұнда жетілмегенге [сәйкес келетін карма] жасаған салдарды жою, осы [өмірге келу]
нәтижесінде пайда болған "анық" карма нәтижесінің "қара" карманы жоюының өзімен
бірдей. Осыған байланысты: "шын мәнінде екі және тек екі |түрлі] әрекеттің бар екендігін
білу керек: ізгі [әрекеттермен] жасалған [салдарлардың] бөлек жиынтығы, ізгіліксіз әрекет
[салдарлары жиынтығын] жояды. Сондықтан бұл өмірде [тек] ізгілікті әрекеттерді жасауға
талпын. Даналардың карманың [не екенін] осылай түсіндіретіні" айтылады.
Артығырақ әрекетке қосылатынды төменде не айтылса, [соған лайық түсіну керек]: "Егер
[игілігі жоқ қызметтің] үлкен емес қоспасы болса, онда ол жеңіл жойылады; оны емдеу
жеңіл; өйткені ол ізгіні жоюға жеткіліксіз".
Неге? Өйткені менің жағдайымда басқа ізгі [әрекеттер] мүлде көп. Және қашан бұл
[игілігі жоқтың қоспасы басымырақ әрекетке] қосылса, керек десең ол өте аз мөлшерде
болса да, [ізгілікті әрекет салдарларын] аспанда азайтуы мүмкін.
Бірақ, басымырақ әрекетке бағыну жағдайындағы ұзақ өмір сүру деген не?
[Түсіндіреміз]: қашан әрекет бар болған жағдайда, [болашақ] көрінбейтін өмірге келудің
тәжірибесінде салдар сөзсіз табылатын болуы керек, онда [осындай] ажал осы әрекеттің
жалпы көрсетілу себебі деп аталады. Дегенмен көрінбейтін дүниеге келуде сыналған
болуы керек анықталмаған салдар жетілген [әрекетте] бұл олай емес. Керісінше, әзірге
жалпы әрекет себебін көрінуге мәжбүр ететін салдар жетілгенге дейін, анықталмаған,
көрінбейтін дүниеге келуде сыналатын болуы керек сол әрекет үзілген болуы мүмкін,
немесе [басқа әрекетке] қосылған, немесе болашақ ұзақ уақыт бойына [басты әрекетке]
бағынышты, [өз сағатын] күтуде болуы мүмкін. [Әрекет] нәтижелерінің жетілуі себебі
және уақыты, орнының анықтылығының болмауы нәтижесінен карма жолы тіпті әр түрлі,
қиын танылады. Сонда да, ерекшелік жалпы ережені жоймайды, солайша карманың
жасырын потенциясын [біз] тек бір [нақты] өмір сүруге қатысты ретінде түсінеміз.