47
Жас Нандишвара қалай өзінің адамдық түрін қалдырып, құдайға айналғаны сияқты, солай,
құдайлар басқарушысы Нахуша өзінің өмір сүру түрін тастап, жануарлар әлемінде іске
асады. Тозақ тұрғындарына келсек, онда олардың көрінетін өмірге келуінде сезілетін
[демек, олардың нақты өмір сүру түрінде] карманың жасырын потенциясы жоқ, бірақ
соларда, кім аффектілерден толық босанса, көрінбейтін өмірге келуде сезілуі мүмкін
карманың жасырын потенциясы жоқ.
13. Жетілу түбірі бар болғанда, өмір сүру түріне, өмір ұзақтығына және өмірлік
тәжірибеге [жасырын карма потенциясы себепші болады].
[Тек] жасырын карма потенциясы қашан аффектілер түбірімен жұлынғанда емес, тек
аффектілер бар болғанда жемісін әкеледі. Сол сияқты күріштің дәні қашан ақталғанда,
немесе отпен күйдірілгенде емес, қауызы болғанда [немесе], отпен күйдірілмеген
тұқымдар өнуге қабілетті, солай карманың жасырын потенциясы, қашан аффектілер
жойылған кезде, немесе олардың тұқымы шынайы білім отымен күйдірілгенде емес, [тек]
қашан аффектілермен оралғанда ғана, ол жеміс әкелуге қабілетті болады. Және бұл [карма
жемісі] — үш түрлі: өмірге келу түрі, өмір ұзақтығы және [өмірлік] тәжірибенің [жетілуі]
болады.
Осыған байланысты келесі [сұрақ] қарастырылады; бір карма, [демек бір әрекет] тек бір
өмірге келудің себебі бола ма, әлде бір карма өмірге келудің көптеген [түрлеріне себепші)
бола ма? Және екінші сұрақ: көп түрлі карма өмірге келудің көптеген [түрлерін] келтіре
ме, әлде көп түрлі карма өмірге келудің [тек] біреуін келтіре ме? [Тек] бір дүниеге келуді
[өндірудің] себебі бір карма болатынын ойлау дұрыс емес.
Неге?
Өйткені тірі жандар әлемінде заңдылықтардың жоқтығы себебінен есептеуге
келмейтін және бастауы жоқ уақыт ағымында жинақталған қызмет пен [әрекеттің]
нағыз нәтижесін [жүзеге асырудың] бір ізділігі, тағы жүзеге аспаған қауіпсіздікке
сенім жоғалар еді. Ал бұл тиімсіз.
Екінші жағынан, бір карма өмірге келудің көптеген бейнедегі түрлерінің себебі
болмайды. Өйткені, егер көптеген әрекеттерден әрбір жеке әрекет, дүниеге келудің
көптеген бейнедегі түрлерінің себебі болса, онда [осыдан] қалған [әрекеттердің]
нәтижелерін жүзеге асыру үшін уақыт болмайды, ал бұл да тиімсіз.
Одан әрі, көп бейнелі карма да, көп өмірге келудің себебі бола алмайды. – Неге?
Көптеген өмірге келу бір уақытта болмайды: [бұл жерде] олардың бір ізділігі
туралы айту қажет. Осындай бейнеде бұл [жорамал] жоғарыда ескертілген қатеге
алып келеді. Сондықтан көп бейнелі ізгі және ізгі емес қызметтің жасырын
потенцияларының жиналуы, өмірге келу мен өлімнің ортасында жүзеге асатын
[жиналу], басшы жөне көмекші [факторлардың] бар болуына негізделеді. Болашақ
бір күш салуға біріктірілген ол, [қашан] өмір аяқталғанда көрінеді [және] өлімді
шақырып, [сосын] қуатқа ие болып, [жаңа], тек бір өмірге келуді жасайды. Және
бүл өмірге келу [демек өмір сүру түрі] тек осы әрекет себепші болған өзінің
ұзақтығын табады. Осы өмір сүрудің барлық ұзақтығына, [сондай-ақ ] өмірлік
тәжірибеге тек осы әрекет себепші болады.
Карманың бұл жасырын потенциясы үш жақты жетілу [салдарлары] деп аталады, соның
әсерінен ол өмірге келудің, өмірдің ұзақтығының және [сәйкес келетін] тәжірибенің себебі
қасиетіне ие болады. Сондықтан карманың жасырын потенциясы бір өмір сүруге жатады
деп есептеледі.