Page 46 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

46
Азап шегуге қарсылық, немесе оны шақыратын тәсілдерді жек көрушілік, азап шегуді
танығандарда оған деген қатынас, өткен азап шегуді еске алғанда [пайда блатын] ашу, ыза
дұшпандық болады.
9. Өзінен мәнді өмірді аңсау керек десең данада да пайда болады.
Барлық жан иелерінде өзіне деген осындай тілек болады: "Иә, мен болуды тоқтатпаймын!
Иә мен [мәңгі] боламын"! Және бұл тілеу кім өлім жағдайын басынан кешірмесе, сонда
ешқашан] пайда болмайды. Сонымен өткен өмірге келудің тәжірибелік ақиқаттығы
айқындалады. Және бұл аффект — өмірді аңсау — өзінен мәнді, керек десе енді пайда
болған құртқа да.
Өлімнен қорқуды, өз мәнінде [болашақ] жойылуды көруді шынайы білім бастауы
ретіндегі қабылдау көмегімен де, логикалық қортынды арқылы, немесе беделді
куәліктермен де түсіндіруге болмайды, ажалмен шақырылатын азап шегу алдыңғы өмірге
келулерде бастан кешіріледі. Және, сол сияқты бұл, [демек өмірді аңсау] аффектісі ең
соңғы білімсіз [жан иелерінде] де болады, ол дәл осылай [болмыс иірімінің] бастауы мен
соңын таныған данада да пайда болады.
Неге [бұлай болады]?
Өйткені бұл ажал арқылы азап шегудің санасыз ізі екеуіне де: дана үшін де және
даналықтан айрылғандар үшін де бірдей.
10.
Бұл [аффектілер] "нәзік" күйде [сана қызметінің] тоқтауымен жойылады.
Бүл бес аффект [отқа] күйдірілген тұқымдар тәрізді, йогтың өмірлік қызметін бақылайтын
сана, [өзінің ең алғашқы себебіне] қосылуымен өледі. Тұқым жағдайында өмір сүретін
[тағы жеміс беруге қабілетті] тұрақты [аффектілерге] не жанасады, онда
11.
Олардың жұмыс істеуі йогалық аңдау арқылы жойылған болуы керек.
Өзінің дөрекі түрінде көрінген аффектілер йога әсерімен әлсіретілгеннен кейін, әзірге олар
"нәзік" жағдайға, сосын "күйдірілген тұқым" жағдайына жеткізілгенге дейін йогтық
андаудың [сәйкес келетін түрінде, ажырататын] түсіну жәрдемімен жойылуға жатады. Сол
сияқты алғашында киімге тиген дөрекі кірдің қағылғандай, ал сосын "нәзіктің" [өр түрлі]
тәсілдермен және [белгілі бір] күш салумен жойылатындай, солай аффектілердің "дөрекі"
көрінісі болмашы қарсы әрекетті, бірақ "нәзіктері" өте үлкен қарсы әрекетті [керек етеді].
12.
[Өзінің] түбірі аффект болатын карманың жасырын потенциясы [қалай]
көрінетін, [және солай] көрінбейтін әмірге келу [түрлерінде] сезіледі.
Осыған байланысты игі және игі емес кармалардың жасырын потенциясы әуестіктен,
сараңдықтан, соқырлықтан және ызадан пайда болады. Және ол [бүл жасырын потенция]
қалай көрінетінде [демек нағыз] өмірде, солай көрінбейтін демек болашақтағы] өмірге
келуде сезілуі мүмкін. Бұл жерде [жасырын потенция] йогтық жинақталу, Ишвараны
құрметтеу нәтижесі салдарынан, немесе құдай — [тәрбиеші], ұлы риши және ең жоғарғы
сыйға лайықты тұлғаларды, мантрды жанқиярлық қайталау арқасында жоғарғы деңгейде
үдемелі жүзеге асады және тез [сәйкес келетін] нәтижені алып келеді. Ізгі карманың
жасырын потенциясы осындай.
Ұқсас жағдайда, қашан қайта — қайта кім қорқынышқа берілсе, соларға кім ауру немесе
мүгедек, немесе соларға кім сенгіш, немесе соларға кім жоғарғы құрметке лайық, немесе
сопыларға жауыздық жасалса, сонда аффектілердің жоғарғы қарқындылығынан бұл
жаман карманың жасырын потенциясы да тез нәтиже әкеледі.