Page 45 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

45
Бұнда не немен байланысты, [қалай түсінеміз]? Нәтижесінде таза туралы [не өзінен өзі]
салыстырмалы таза емес түсінігі пайда болады. Бұл [мысалмен] ізгілік, [және] сонда ненің
ізгілікті еместігі туралы [жалған түсінік], сонымен қатар қадірлілік, сонда ненің
қадірсіздігі туралы ой түсіндіріледі. Осындай бейнеде [автор] бақытқа азап шегуді [соны,
не бар] жатқызу туралы айтуды ниет етеді: "Айырып танитын білімге ие болғандар үшін,
гуннің байқалуы, [тоқтаусыз] өзгерістер, мазасыздық, келісім, бақытсыздық, өзара қарама
— қарсылық себебінен, барлық [өмір сүру] шын мәнінде азап шегу болады". Түсінбеу
осының [бәрін] бақыт деп қабылдау болады.
Тап осылай атманды, демек "менді", "мен" емес үшін қабылдау, сыртқы тәсілдей болатын
— жанды немесе жансызды, немесе дене сезімдік тәжірибенің сүйеніші ретінде, немесе
ақыл Пуруша сайманы ретінде — [осының бәрі] "мен" үшін "мен еместі" [демек атман
еместі қате] қабылдау болады. Сонымен осыған байланысты: "Сол, кім [біршама] —
байқалған немесе байқалмаған "меннің" қасиеті ретіндегі мәндерді аңғарып, оның
өркендеуін өзінің жеке өркендеуім деп есептеп қуанады, немесе оның құлдырауына
[бұны] өзінің жеке бақытсыздығы деп ойлап қамығады, ондайлардың көзі шексіз
ашылмаған" деп айтылады. Бұның [бәрі] әрекетшілдік пен бірге оның нәтижелеріне
жасырын бейімділік пен тоқтаусыз аффектілер ағымына қызмет ететін төрт түрлі түсінбеу
болады.
Бұл түсінбеуді объективті ақиқаттыққа ие болған — "дос — емес" немесе "сиырдың ізімен
емес" ұқсастығымен [белгісіз] мән ретінде түсіну керек. Соған сәйкес "дос емес" достың
жоқтығын да, досқа тең [кімді де], бірақ оның қарама-қарсысы, демек жау ретіндегіні де
білдірмейді, немесе сол сияқты "сиырдың ізі емес" сиырдың ізінің жоқтығын, сиырдың
ізіне тең [нені де] білдірмейді, бірақ содан және басқадан ажыратылатын тек [белгілі]
орын, [демек] мүлде өзге мән, түсінбеу солай шынайы білім бастауы да, сондай бастаудың
жоқтығы да болмайды, бірақ [тек] білімге қарама — қарсы көрінудің өзгеше түрі.
Түсінбеу осындай.
6.
Өзімшілдік екі қабілеттің — [таза] көріну мен көріну аспаптарының тең
мүмкіндігі болады.
Пуруша [таза] көріну қабілеті, (буддха) интеллектісі — көріну аспабы болады.
"Өзімшілдік" [егер] осы екі қабілеттердің] бір мәнге айналуы қалай да жүзеге асса,
аффект аталатын [жағдай пайда болады]. Қашан тәжірибе субъектісі болатын қабілет пен
объект болатын қабілет әр түрлі, ең жоғарғы дәрежеде [олар] ажыратылған және [біреуі
екіншісімен] араласпайтын [болса] осындай тәжірибе қабылдануы мүмкін болады.
Дегенмен олардың нақты мәнін андауда шексіз ажырату пайда болады. [Бұндай жағдайда]
тәжірибе қайдан [пайда болады]?
Осыған байланысты "Интеллект болғанымен Пурушаның одан] түр көрінісімен,
табиғатымен, білімімен және басқаларымен өзге болатынын кім көрмейді, сол — адасу
салдарынан — оны өзінің интеллектісімен ауыстырады" — деп айтылады.
7. Әуестік ләззатпен ажырамайтын байланыс.
Өткен ләззат туралы еске түсіруге тілек, аңсау, ләззатқа ынтығу немесе оның тәсілдеріне
жету, ләззатты түсінгенде пайда болатын] әуестік болады.
8. Жауыздық азап шегумен ажырамайтын байланыста.