44
[Дәл] сондықтан дана, кімнің аффектілері таусылған [соңғы денеде болатын] деп
аталады. Тек сонда, бірақ басқа ешкімде де емес, аффектілер [күйінің] бесінші түрі
— күйдірілген тұқым күйі болады. [Бұндай жағдайда] аффектілер бар болғанның
өзінде олардың тұқымының әрекетшілдігі толық таусылған және сезімдік объект
бар болса да, олардың оянуы орнамайды. Сонымен [аффектілердің] қалғыған күйі
және күйдірілген тұқымнан олардың қайта өсіп жетілуінің мүмкін еместігі
түсіндірілді.
Ендігі сөз әлсірегендік туралы болады: қарама — қарсы [күйдің] таратылуымен басылған
аффектілер әлсіз болады. Ұқсас бейнеде қашан сол немесе өзге объектілермен оқтын —
оқтын ұсталып қалатын, қайта — қайта белсенді түрде көрінетіндер үзілген [аффектілер
деп аталады].
Неге [бұлай болады]?
Сондықтан құмарта әуестену уақытында [мысалы] жауыздық көрсетілмейді. Шын
мәнінде, құмарта әуестенген уақытта жауыздық көрінісі жоқ. Бірақ [өз кезегінде]
анықталған [объектіге] қатысында байқалатын әуестік басқа объектілерге
қатысында жоғалмайды. Солай бір әйелге Чайтрада байқалатын құмарлық мүлде
басқа әйелге де құмарлықты жоққа шығармайды, [бұл кезде] жәй осы [әйелге]
құмарлық байқалады, болашақта ол басқаларға байқалуы мүмкін. Басқаша сөзбен,
бұл [әуестіктің болашақ қабілеті] бір уақытта қалғыған жөне әлсіреген және
үзілген болады.
Сол сезімдік объектіге қатысында жүзеге асатын [аффект] толық жазылған [деп аталады].
Осы барлық [торт күй] аффектілік аймағы шегінен шықпайды.
Сонда қалай, бұндай жағдайда [әрбір] аффект үзілген, қалғыған, әлсіреген немесе
толық жазылған деп аталады ма?
Бұл дәл солай. Дегенмен олар үзілген болатын және т.б. қасиеттерімен [тек
болашақ сол, немесе басқа объектілерге] үйірлігімен [бөлінеді]. Сол сияқты
қарама-қарсы күйді тарату нәтижесінде [аффектінің] қалай әрекетін тоқтатқаны,
оны көрсететін дәл сондай белгі арқылы байқалады. Бұл аффектілердің бәрі тек
түсінбеудің әр түрі. Неге?
[Өйткені] олардың бәрі түсінбеумен жабылып кеткен. Қашан ақиқат объект
[санада] түсінбеу нәтижесінен қайта қалыптасады, тек соның жанында аффектілер
қолдау табады. Сананың жалған мазмұны қашан [кезбе — кез] болғанда олар
табылады және түсінбеу жойылғанда жоқ болады. Енді түсінбеу мәні баяндалады.
5. Түсінбеу мәңгіні, тазаның, бақытты, мәңгі емес тегі атманды, таза еместі,
қасіретті, атман еместі аңдау болады.
Мәңгі емес салдарлардағы мәңгіні андауды [айтылған пікірлерден]: жер өткінші емес,
аспан аймен және жұлдыздармен мәңгі, аспан тұрғындары өлмейді мысалынан [көруге
болады]. Солай тазаның таза еместігін жөне ең жоғарғы дәрежедегі жиіркенішті денедегі
көрінісін [түсіну керек]. "[Аналық аясында] болу себебінен туылуды, [аспен] өмірді
қолдауды, ағзадан бөлінетінді, [тән] бүлінуін, сонымен қатар денені таза ұстаудың
қажеттігінен даналардың оларды таза емес" деп түсінетіні айтылады. Тазаны таза еместен
андауды [басқа мысалдан да] көруге болады: "Бұл қыз жаңа туған ай орағыңдай сүйкімді,
оның мүшелері бал мен амритадан жасалғандай; ол сынған айдың [жарықшағынан]
туылғандай; оның көзі көк лотостың жапырағы тәрізді ұзынша; өзінің назды
көзқарасымен ол барлық тірілерді сергітетіндей"