43
болуға алып келетін қалыптастырушы факторлармен бірге өз қызметін тоқтатады.
Оның тоқтауы кезінде Пуруша өзінің жеке түрінде болады [және] сондықтан таза,
іліксіз өзімен-өзі, еркіндікте деп аталады.
Екінші тарау
[Йоганы] жүзеге асыру тәсілдері туралы
[Жоғарыда] шоғырланған санаға [ие болған адепта] йогасы қарастырылған болатын.
Қоздырылған жағдайда [болатын] осындай сана йогпен қалай байланысты болады? Бұл
[тарау осыны түсіндіруден] басталады.
1. Құштарлық, өз бетімен оқу, Ишвараға сенім йог әрекеті болады.
Кім құштарлыққа берілмесе, сол йоганы жүзеге асыра алмайды. Аффектілер мен қызметке
санасыз бейімділік бастауы болатынын білмей түрленген [сана] былғаныш және сезім
объектілері [бейнелерінің] торы тастай салынған [бұл былғаныш] құштарлықтан басқаша
жолмен жойылуы мүмкін емес. Және құштарлықтың пайдасы осы [жоюда] тұрады. Сана
тазалығына кедергі келтірмейтін, осындай [құштарлықты] жорамалдайтын тәсілдің
қайсысын йог қолдануы керек.
Өз бетімен оқу — бүл тазартушы [мантр] қайталауы, [ом] — алғашқы сөз саптауы және
басқалар, сонымен қатар азат етуді түсіндіретін шастрды үйрену. Ишвараға сенім — [жан
тәнімен беріліп] Жоғарғы Оқытушыға барлық әрекеттерді арнау, немесе осындай [әрекет]
жемістерінен толық бас тарту. Осы — йога іс-әрекеті (бұлар мыналарға арналады)
2. Аффектілерді әлсірету және жинақталу [қабілеттерін] дамытуға [арналған] йог
әрекеті болады.
Ол, [осы йог әрекеті] аффектілерді аса әлсіретеді және болашақ шын пейілмен
қолданылатын жинақталулар қабілетін дамытады. [Содан кейін] Білім оты көмегімен ол,
осы [отпен] күйдірілген тұқым тәрізді әлсіреген аффектілерді өзін-өзі ұдайы өндіруге
қабілетсіз етеді. Олардың толық сөнуі нәтижесінде "нәзік" даналық, демек аффектілер
әсеріне коп душар болмаған Пуруша мен саттва арасындағы [шексіз] айырмашылықты
түсіну, өзінің қызметін тамамдап, өзінен-өзі жоғалуға келеді. Сонымен бұл аффектілер
қандай және олар қанша?
3. Түсінбеу, өзімшілдік, әуестік, жауыздық, өмірді аңсау бес аффектінің мәні.
Аффектілер — бұл сананың бес жалған толықтырушылары — [сөздің мағынасы осындай].
Тұрақты қозғалыста бола тұрып, олар гун функцияларын күшейтеді, олардың түр
өзгерістерін қолдайды, себеп пен салдар ағымын кеңейтеді. Бір — біріне өзара сүйеніш
кызмет көрсетіп, карма жетілуін оятады.
4.
Түсінбеу қалғыған, әлсіреген, үзілген немесе толық жазылған [жағдайдағы] өз
соңынан келетін [аффектілер] үшін алаң [болады].
Бұнда түсінбеу — алаң немесе өз соңынан келетін — өзімшіл жөне сол сияқты төрт түрде:
қалғыған, әлсіреген, үзілген немесе толық жазылған [аффектілерді] туындататын топырақ.
Бұл жағдайда "қалғыған" [қалып] деген не?
[Ол қашан аффектілер] тұқым жағдайын тауып, [жеміс беретін қабілетте] тек
потенциалды ретінде санада болғанда [орнайды]. Бұндай [аффектілердің] оянуы
объектімен өзекті кездесуден жүзеге асады. [Дегенмен] Жоғарғы білімге ие болған
үшін аффект тұқымы өртенген, [демек ол үшін] бүл [ояну] керек десең объектімен
кездескенде де орнамайды, өйткені күйдірілген тұқымның қалай шығуы мүмкін?