Page 42 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

42
көмегімен ерекшені жеткізуге болмайды. Неге [бұлай]? Өйткені сөз ерекшенің негізінде
[жеткен] шартты келісімнің жемісі емес. Дәл осылай логикалық қортынды да объект
сапасында тек жалпыға ие болады. [Мысалы]: барлық жерде, қайда [жаңа орын] тауып
алынатын болса, қозғалыс болады; қайда [жаңа орын] табылмаса, онда қозғалыс жоқ —
солай айтылған. Ой тұжырымы көмегімен [біз] жалпы арқылы қорытынды жасаймыз.
Сондықтан
ешқандай
ерекшелік
(жекелік)
есіткеннің
немесе
логикалық
қорытындылаудың объектісі бола алмайды.
Дәл осылай [ешқандай] "нәзік", жасырын немесе алшақтағы объект қарапайым қабылдау
жәрдемімен танылмайды, бірақ [сол уақытта] бұл жеке [объектіге] қарапайым таным
тәсілімен қол жетпейтіндігінен оны өмір сүрмейді деп [айтуға] да болмайды. Сондықтан,
ерекше, Пурушаға немесе "нәзік" мәнділікке жатса да, ол тек қана йогалық аңғару
объектісі болады. Сондықтан осындай даналық өзінің бағыттылық ерекшелігі і
нәтижесінен есітілген негізінде, немесе логикалық қортынды негізінде [іздеп табылған]
даналық болғанымен, өзгеше объектіге ие болады. Жинақталу даналығына жеткен йогтың
[осы] даналықпен жасалған санскары [демек қалыптастырушы факторы] қайта — қайта
еске түсіріледі.
50.
Осындай [даналықтан] туындаған қалыптастырушы фактор, басқа
қалыптастырушы факторлар үшін кедергі болады.
Жинақталу даналығы туындатқан қалыптастырушы фактор, әлдеқашан байқалған
қалыптастырушы факторлардың жасырын тенденцияларымен қатынасын бөліп тастайды.
Пайда болған қалыптастырушы факторларды жеңу нәтижесінде олардың туындатқан сана
мазмұны өмір сүруін тоқтатады. Таным үдерістерінің тоқтауымен жинақталу жағдайы,
сосын жинақталу туындатқан — даналық орнайды. Одан даналық туындатқан
қалыптастырушы факторлар [пайда болады]. Сонымен қайта — қайта қалыптастырушы
факторлардың жасырын тенденциялары еске түседі. Олардан — даналық, ал одан —
қалыптастырушы факторлар туындайды..
Бірақ, осындай қалыптастырушы факторлар басымдығының сана қызметін
шақырмайтынын қалай [түсіндіреміз]?
Даналық туындатқан бұл қалыптастырушы факторлар сананы [оның қарапайым]
функциясын бермейді, өйткені олар аффектілерді жоюдың себебі қызметін
атқарады. Олар [қалай да] сананы оның өзінің қызметінен босатады, өйткені сана
белсенділігі жоғарғы ажыратуды [тауып алумен] тоқтатылады.Онымен тағы не
болады?
51. Осы [қалыптастырушы факторды] жоюда "тұқымынан айрылған" жинақталу
[орнайды], өйткені барлық [сана қызметі] тоқтатылған.
Бұл ["тұқымынан айрылған" жинақталу] тек қана жинақталу даналығына қарсы болмай,
[осы] даналық жасаған қалыптастырушы факторлар үшін кедергі қызметін де атқарады.
Неге?
[Сана қызметінің] тоқтатылуымен туындаған қалыптастырушы фактор жинақталу
туындатқан қалыптастырушы факторлардың өрістеуіне кедергі келтіреді.
"Тоқтатылған" сана туындатқан қалыптастырушы фактордың өмір сүруінің
ақиқаттығы [сана қызметі] тоқтатылуы тұрақты сақталатын уақыт аралығында
тәжірибеден шығарылған болуы мүмкін. Өзектенген және тоқтаған жинақталумен
шексіз өзімен-өзі болуға келетін сана, қалыптастырушы факторлармен бірге өзінің
тұрақты ең алғашқы себебіне сіңіп кетеді. Сондықтан сана функцияларына қарсы
әрекет істеуші осындай қалыптастырушы факторлар оның сақталуы себебі
қызметін атқармайды. Осының салдарынан функциясы аяқталған сана өзімен-өзі