Page 41 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

41
Осы [төрт түрлі] дискурсивті және дискурсивті емес [жинақталулардың] өзінің пәні
"дөрекі" ақиқат объектілер, ал рефлексивті және рефлексивті емес [жинақталулар] —
"нәзік" ақиқат объектілерді қарастырады. Және концептуализациялар болмағанда осыған
ұқсас дискурсивтік емес [жинақталу] көмегімен [жинақталудың] екі [соңғы түрлері]
түсіндірілді.
45.
"Нәзік " объект болатын қасиеттің [өзінің] шектеушісі [ең алғашқы себептің
бастапқы жағдайы ретіндегі] "белгінің жоқтығы " болады.
Жер атомының "нәзік" объектісі — иіс танматрасы, су [атомы] — дәм танматрасы,
от [атомы] — түс танматрасы, жел [атомы] — сезу танматрасы, акаша [атомы] —
дыбыс танматрасы. Жекелену принципі [себебі сонымен қатар йогалық жинақталу
үшін] ["нәзік" объект] сапасында [қызметін етуі мүмкін]. Өз кезегінде оның "нәзік"
объектісі — "тек — белгі", [демек ең алғашқы себеп эволюциясының бірінші
сатысы]. "Белгі жоқтығы", "тек белгінің" [себебі ретінде] сондай-ақ
[жинақталудың] "нәзік" объектісіндей [алға шығуы мүмкін], бірақ "нәзік","белгінің
жоқтығынан" жоғары еш нәрсе жоқ.Бірақ "нәзік" [мән] ретіндегі Пуруша жоқ па?
Дұрыс, бірақ "жоғарғы белгіге" қатысындағы "белгінің жоқтығы" "нәзіктігі"
тәртібінен, Пурушаның бұл "нәзіктігі" мүлде бөлек. Пуруша туындататын себеп
емес, ол — [мақсатты] себеп. Осыдан "нәзіктік" өзінің шегіне прадханада [демек ең
алғашқы себепте] жететіні түсінікті.
46. Тек солар, [шоғырланудың сондай түрлері] танымға ие болған жинақталу болады.
Осы [сана] шоғырлануы төрт түрі "тұқымдарға", [демек] сыртқы ақиқат объектілерге не
болады, және, сонымен жинақталуға да тұқым үлесі тиеді. Осыдан дискурсивті және
дискурсивті емес [жинақталулар] — "дөрекі" объектілерде, ал рефлексивті және
рефлексивті емес — "нәзіктерде" болады. Басқаша сөзбен, жинақталулардың төрт түрі бар
деп есептеледі.
47. Ішкі жан тыныштық шеберлігі рефлексивті емес [жинақталудан пайда болады].
Шеберлік — бұл айқын, мәні жарық болатын интеллект саттвасының сабырлы ағымы, [ол]
оны ластайтын кедергілерден еркін жөне раджас пен тамастың басым әсерлеріне
ұшырамаған. Қашан рефлексивті емес жинақталуда бұндай шеберлік пайда болса, онда
йогтың берік ішкі жан тыныштығы орнайды, [демек таным үдерісінің] қарапайым
сатыларымен байланыссыз, объект ақиқатта қандай болса, оны сондай қылып [көруші]
даналықпен ашылған жарық. Осыған байланысты: "Тау шыңында тұрған [адамның] қалай,
жазықта жүргендердің бәрін көретіні сияқты, даналық жарығына ие болғандар [өздері]
қасіретке душар болмай, адамдарды [олардың] шеккен азаптарымен көретіні" айтылады.
48.
Сонымен [табылған] даналық "шындықты алып жүруші" [деп аталады].
Санасы шоғырланған, сол [индивидте] пайда болған даналық "шындықты алып жүруші"
деп аталады. Және бұл термин мағынасы өзінен-өзі түсінікті: [даналық] тек шындықты
алып жүреді, онда адасу қоспалары болмайды. Осыған байланысты: "Доктриналдық
мәтіндер, логикалық қортынды және ынталы практикалық аңдау — осы үш тәсіл
көмегімен сол [йогшы] даналықты және ең жоғарғы йогты табады" деп айтылады. Бірақ
бұл [даналық]
49.
Есіткенінің негізінде немесе логикалық қортынды негізінде [табылған] даналық
болғанымен, өзінің бағыты ерекшелігі нәтижесінен өзге объектіге ие болады.
Есіткен негізіндегі [даналық] — [бұл] ортақ объектіге ие болған доктриналдық мәтіндер
білімі, оның жалпы объектісі болады, өйткені ағама [демек доктриналдық мәтін]