40
андау [барлық] ойдағылардан еркін болады, өзі қандай болса, көздің алдына сондай болып
көрінеді және тек өзіндік түрінің көрінісімен сипатталады. Және бұл дискурсивтік емес
жинақталу. Ол ой қорытындысы және вербальдық куәландыру тұқымы ретіндегі жоғарғы
қабылдау. Вербальдық куәлік және ой қорытындысы соның негізінде пайда болады. Онда
да бұндай тікелей білім, ой қорытындысы немесе вербальдық куәлік [негізінде алынған]
біліммен қатар қолданылмайды. Сондықтан дискурсивтік емес жинақталудан пайда
болған йогтың тікелей білімі танымның басқа бастауларымен араласпайды. Бұл
дискурсивті емес жинақталудың анықтамасы [келесі] сутрада ашылады.
43. Дискурсивті емес [жинақталу сананың қашан ол] толығымен жадтан тазарған
және өзіндік түрден айрылған, тек объектіні көрсететін жағдайы болады.
Дискурсивті емес жинақталу тілдік конвенциялардан сананың тазаруы кезіндегі,
вербальдық куәлік, ой қорытындысы, түсінік және ментальдік түсіну, қабылданатын
объектінің өзіндік түрімен "түрленген" [сана жағдайы] болады, ол өз мәнінде таным
үдерісі болатын, өзінің түсіну түрін тастағандай референттің жеке түрін табады, демек
осылай қабылданатын объект. Тап осындай бейнеде бұл [және сутраларда] түсіндіріледі.
Осындай [жинақталу] үшін [сыртқы заттар] әлемі — сиыр және т.б. немесе құмыра және
т.б.,— атомдардың өзіндік қосылу түрі, өз мәндерінде объектінің ішкі түрі [сияқты], жеке
ментальдік акт [мазмұны болып] көрінеді. Және бұл өзіндік түр өз мәнінде көрінетін
салдар негізінде, [демек сыртқы объектінің] ой қорытындысы арқылы анықталатын, өзінің
эмпирикалық көрінісі арқылы байқалатын, нәзік элементтердің жалпы қасиетті болады.
Ол басқа сапалық анықтықтың [мысалы] тостаған және т.б. пайда болуымен жоғалады.
Бұндай сапалық — анықталған субстрат бүтіндік деп аталады. Бұл [бүтіндік] демек сол,
[не] жеке, үлкен немесе кіші, түйсіну ретінде, немесе әрекетшіл қабілетке ие болғандай
[өмір сүреді], немесе мәңгі емес ретінде болады. [Барлық] практикалық қызмет осындай
бүтін [заттармен] жүзеге асырылады. Дегенмен сол үшін, кім [атомдардың] бұл, өзіндік
қосылуларының ақиқаттығын жоққа шығарса, нәтижесінде дискурсивті емес
[жинақталулардағы] "нәзік" себептің қабылданбайтындығынан іс жүзінде барлық алынған
білім жалған болады, өйткені бүтіннің жоқтығынан білім оның түріне негізделмеген. Егер
оның объектісі жоқ болса, онда қалай білім ақиқаттығы мүмкін болады?
Қабылданатынның барлығы, бүтін сапасында қарастырылады. Сондықтан, бүтін
қарапайым сөз қолданысында "үлкен", "кіші" және т.б. [атауын] алатын [ақиқат] болады.
Ол дискурсивті емес жинақталу объектісі ретінде алға шығады.
44.
Осындай жолмен "нәзік " объектісі бар рефлексивті және рефлексивті емес
[жинақталулар] түсіндіріледі.
Осы [екі] қасиеттері көрінген "нәзік" элементтерге жинақталу және кеңістік, уақыт пен
операционалдық себептер тәжірибесімен анықталу рефлексивті деп аталады. Сонымен
қатар бұл жағдайда жеке ментальдық актмен қабылданатын "нәзік" элемент және
өзгешеліктері анықталған нақты сапалық кесімділік, йогтың түсінуі негізделетін сүйеніш
қызметін атқарады. Өз кезегінде, әрқашан ["нәзік" элементтермен] барлық
қатынастарында байланысқан жинақталудың қайсысы "сөнген", пайда болған немесе
[қандай да болмасын] анықталмаған қасиет арқылы егжей — тегжейлі ашылмаса, [бірақ
сонда да, қайсысы] барлық қасиеттермен сабақтас және барлық қасиеттердің ішкі мәні
болса — [осындай жинақталу] рефлексивті емес деп аталады. Болашақ өз табиғатында тек
осындай және оның өзіндік түрімен "түрленетін" "нәзік" элемент, осыған орай йогалық
түсіндірудің сүйеніші болады. Қашан өзіндік түрінен айрылған түсінік, "тек — объект"
түрінде алға шықса, ол рефлексивтік емес деп аталады.