Page 39 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

39
[Йог] өзіне не жағымды болса, соны андауға тиісті. Бұл жағдайда [сана] тұрақтылығына
жетіп, ол басқа жағдайларда да тұрақтылыққа қол жеткізеді.
40. Оның құдіреті атомдардан бастап ең зор [объектілерге] дейін [бәріне тарайды].
Атомға дейінгі [барлық ұсақтарға тарайтын] "нәзік" объектілерге енетін [йогтың санасы]
тұрақты жағдайды табады. "Дөрекі" [объектіге] енетін [көлемді объектілердің] ең
зорларына дейін, [үлкендердің бәріне тарайтын] сана да тұрақтылық табады. Бүл жағдайда
осы екі шектер арасында жұмыс істейтін [сана үшін] кедергінің жоқтығы ең жоғарғы
құдірет болады. Осындай құдіретке жеткен йогтың санасы жаттығулар салдары ретіндегі
тазаруды енді керек етпейді. Сонымен, тұрақтылық жағдайына жеткен сананың өзіндік
түрі қандай, оның объектілері мен жинақталу [сатылары] қандай?Бұл туралы [сутрада]
айтылады:
41.
Жинақталу [сананың] таным субъектісіне, танымға және таным объектісіне
сүйенгендегі, [демек] сол [объектіге] қашан [сана] өрістеуі тоқтағандағы, қымбат
тастай "түрленген " жағдайы болады
"Қашан [сана] өрістеуінің тоқтауы" [сананың] концептуалдандыратын қызметінің
тоқтағанын білдіреді."Қымбат тас жағдайы есебіндегідей" мысалды пайдалану. Ол үшін
тұғырық қызметін атқаратын, өр түрлі заттардың түсіне енетін және [өзінің] түсті
сүйенішінің сыртқы түрін көрсететін хрусталь тәрізді объектілермен "өң берілген" сана да
өзі сүйенетін объектілермен [қалай да] ассимиляцияланып, объектінің өзіндік түрі көрер
көзге ғана айқындалады. Мысалы, болашақ нәзік элементтермен түрленген [сана] олармен
ассимиляцияланады жөне нәзік элементтердің өзіндік түрі ретінде көрінеді. Сол сияқты
болашақ дөрекі объектілермен "түрленген" [сана] олармен ассимиляцияланып, дөрекі
түрді бейнелейді. Ұқсас түрде әмбебап ажыратумен "түрленген" сана олармен
ассимиляцияланып, әмбебап түр бейнесі болады.
Сонымен қатар бұны таным қабілеттері және таным үдерістері жағдайымен де түсіну
керек. Өзінің сүйеніші сапасындағы таным үдерісімен "түрленген" [сана] онымен
ассимиляцияланып және көрер көзге ғана таным үдерісінің өзіндік түрі ретінде
айқындалады. Осы тәрізді бейнеде Пурушамен "түрленген" — өзінің сүйеніші ретіндегі
таным субъектісі мен [сана] ассимиляцияланады және көрер көзге ғана таным субъектісі
— Пурушаның өзіндік түрі сапасында көрінеді. Сонымен қатар сана қашан қымбат тасқа
ұқсас таным субъектісіне, [немесе] таным үдерісіне, [немесе] таным объектісіне, [демек]
Пурушаға, [немесе] сезім мүшелеріне, [немесе бірінші] элементтерге сүйенгенде және ол
(сана) олармен "түрленгенде", [демек] оларға негізделгенде, [онда] олардың көріну түрін
табады. Осындай [сана жағдайы] жинақталу деп аталады.
42. Осындай жинақталу сөз, объект және түсінік айырмашылығы нәтижесінен "ойша "
айқындығын жоғалтады.
Мысалы үшін "сиыр" сөзі, объект "сиыр" және "сиыр" түсінігі өзара ажыратылады, ал
таным үдерісінде олар ажырағысыз болып көрінеді. Талдау кезінде соз қасиеті — бұл бір,
объект қасиеті — басқа, ал түсінік қасиеті — үшінші болатыны [табылады]. Басқаша
айтқанда, оларды жүзеге асыру тәсілдері әр түрлі. Егер бұнда, [йогтың] жинақталған
жағдайында, [оның] жинақталған андау [аймағына] түскен "сиыр" объектісі және т.б. соз,
объект және түсінік ажыратуларымен байланысты болады, онда осындай жинақталудың
көмескі жағдайы "ойша" деп аталады.
Дегенмен [йог] жады тілдік шарттардың [қандай да бір іздерінен] "тазарғанда логикалық
қорытынды" [немесе] вербальдық куәлар [нәтижесінде пайда болады] және жинақталған