Page 3 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

3
2. Арғы көне дәуірде құдайларды
Брахманшы ұста дайын төске соғып жаратты,
Содан кейін оларды барша жұртқа таратты.
3. Құдайлардың алғашқы сол кезінде
Бар еместен мән жасалды,
Содан кейін әлем кеңістігі пайда болды
Ол кеңістік Кейуанадан (пайда болды).
4. Жер Кейуанадан пайда болды,
Дүние кеңістігі жермен толды.
Адиттан — Дакша, Дакшадан Адити жаралды.
5. Иә, Дакша Адит келді өмірге, ол сенің қызың,
Содан кейін пайда болды мәңгі өлмес, ажырамас құдайларың.
6. О, құдайлар, ежелгі теңізде,
(Бір-бірімен) қол ұстасқандар мықтап нық басты,
Сіздерден сонда қалың құйын ұйытқып ұшты.
7. О, құдайлар, шаршап-шалдығып көбейтіңдер дүниені,
Көтердіңдер теңізден жасырынған жарық күнді.
8. Адитидің өніпті сегіз ұл (құрсағынан)
Мартандаға қарамай көтерілген.
Жеті (ұлымен) табылды ол құдайлардың тұрағынан.
9. Адити жеті ұлымен көне дәуір көгіне көтерілді,
Өну үшін, өлу үшін қайтадан (ол) Мартанданы алып келді.
Ригведа, X, 90
6. (Пуруша гимні)
1. Пуруша — бар мен болатынның бәрі де,
Қоректеніп өсіп өнер әлдіге,
Үстемдік етер сөндірместен (әрі де).
Құдіреті күшті Прушаның (өзі) алып,
Төрттен бірі оның тұтас мән (?),
үштен бірі аспандағы шексіз қалып.
Пурушаның төрттен үші көкке көтерілді,
Төрттен бірі (мұнда) жерде сергіді.
(Ол) осылайша қоректі мен қорексізді екшеді.
4. Мәңгіден Вирадж, соңына Пуруша туды,
Көбейгендер батыс пен шығысқа тарады.
5.
Құдайларға құрбандық шалынды,
Пурушаны да қосақтай.
(Құрбандыққа) көктем — жанар май, жаз — оттық,