Page 38 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

38
жетуге] болады, түстің — түрі таңдай қабылдауымен, сезіну — тілдің ортасы
қабылдауымен және дыбыс — тілдің негізімен қабылданады. Сонымен бұл [жоғарғы
сезімдік түрлер] қызметтері өздерінің пайда болуында сананы тұрақты жағдайда
белгілейді, күмәнді таратады және йог жинақталулары арқылы даналыққа [жету] тәсілі
болады. Ұқсас түрде ай, күн, планеталар, қымбат тастар, жарық көздері, жарық сәулелері
және т.б. жөнінде көрініс тапқан.
Сезімдік қызметтерді, сол сияқты бар [үйлесімді] объектілер ретінде түсіну керек. Өйткені
нақты объектілер ақиқат мәнінің қандай екендігіне қарамай, болмыста оның қандай
болатынына қарамай, сол немесе өзге шастралар, логикалық қорытындылар,
оқытушылардың өсиеттері арқылы танылады, демек бұның бәрі нақтылықтың нағыз
табиғатын көрсетуге қабілетті,— соған дейін, әзірге [нақтылықтың] қандай да бір бөлігі
жеке сезім мүшелерімен қабылданбаса, бәрі өз қалпында [қалады], егер де [ол] тікелей
белгісіз [болса], онда соңғы босану және тағы басқа есебіндегі сондай нәзік заттардың нық
түсінігіне алып келе алмайды.
Сондықтан шастра, логикалық қорытынды мен оқытушылар өсиеттері [дұрыстығын]
растау үшін кем дегенде кейбір өзіндік [зат] қажеттілікпен тікелей қабылданатын болуы
керек. Сонда, егер осы [білім бастауларында] заттың бір жағы туралы айтылғандар тікелей
қабылданатын болса, онда соңғы босануға дейінгі [қалған] барлық заттар толық сенім
тудырады. Сана тазаруы туралы тек осы мақсатта ғана айтылады. Егер [психиканың]
ретсіз жұмыс істеуін толық бақылайтын сана жағдайы пайда болса, онда ол сол немесе
өзге объектіні тікелей қабылдауға қабілетті болады. Және бұл пайда болғанда, онда
[йогте] сенім, қуат, еске түсіру мен жинақталу кедергісіз пайда болады.
36. Немесе мұңсыз және нұр сәулелі.
"[Сонымен] ...іс қызмет... өзінің пайда болуында ментальдік тұрақтылықты шақырады"
[сөзі алдыңғы сутрадан] көшірілуі тиісті. [Бұнда йогта пайда болатын] жүрек гүліне
жинақталған буддханы түсіну [еске алынады], өйткені парасат мәні акаша тәрізді
жарқыраған нұр шашуды табады. Бұл [жағдайда] тұрақтылықты сақтау өнері арқасында
[сана] қызметі күннің, айдың, планеталардың [немесе] қымбат тастардың нұр шашуы
түрінде болып көрінеді.
Ұқсас түрде ол өзіндік [идеясында] ашылған сана абыржуын тоқтатады және ұлы мұхитқа
ұқсас тыныштыққа, шексіз тек өзіндікке аяқ басады. Осыған байланысты: "тек атом
есебінде болатын атман туралы ойлай отырып, шын мәнінде [йогтың] жетілген "Мен
бармын" біліміне келетіні" айтылады. Бұл екі түрлі "мұңсыз" қызмет, "объектісі бар" және
"тек өзіндік" нұр сәулелі деп аталады. Оның көмегімен йогтың санасы тұрақтылық
жағдайына не болады.
Немесе, қашан йогтың санасы, сол тілектен еркін [индивидтер] қабылдауларымен
"түрленгенде", [жинақталу] объектісі сапасында алға шығатын [қабылдаумен] тұрақтылық
жағдайын табады.
38.Немесе түс көруден, немесе ұйқыда түс көрмей [алынған] қабылдауға сүйенген [сана].
Немесе, қабылдау сүйеніші сапасында түс көру, әлде түс көрмеген ұйқы, немесе оның
бейнесі бар болғанда йогтың санасы тұрақтылық табады.
39. Немесе не жағымды, соны аңдау арқасында.