37
мүмкін емес. Сонымен, кім сананы бір бағытты деп ойласа, |ол] соған сәйкес әсерлер
ағымын [елестетеді]; егер оның бір бағыттылығы ағым ретінде [түсіндірілетін] сана
қасиеті болса, онда бұндай сана ағымы [өзінің] шапшаңдығы нәтижесінен [ешқандай]
унитарлы болмайды. Егер де [бір бағыттылық] сананың [нақты] қасиетінің мазмұны,
|болатынын], тоқтаусыз [сана] ағымының құрамдас элементі болып көрінетінін [ұйғарсақ],
онда [содан еркін] бүл ағым сананың сәйкес немесе әр түрлі мазмұнынан тұра ма, сананың
өзі әрқашан бір бағытты, сондықтан ол қажеттілікпен әрбір объектіде белгіленеді.
Сондықтан шашыраңқы сана туралы |ойдың] түсіндірілуі мүмкін болмай шығады. Осыдан
сананың унитарлығы, әр түрлі объектілерге бағытталғандығы жөне тұрақтылығы
туындайды.
[Одан әрі]. Егер де әр түрлі ішкі табиғаты бар сана мазмұны бірыңғай санамен
байланыссыз туындайтын болса, онда бұндай жағдайда бір [когниция] басқа когницияның
көргендерін есіне түсіре алатын ба еді? Қалай бір когниция басқа когниция жинақтаған
карма субъектісі бола алады? Егер бұл қалай да дәлелденетін болғанда тек [логиканы]
"сиырдың жапасы мен сүт тағамды" еске түсіретін тәсілмен анықталады.
Сонымен сана әр түрлі [өзара байланыссыз когниция оппоненттері] ретінде
қарастырылғанда, тәжірибенің өзіне тендігін сенімді терістеуге келеді. Егер барлық
когнициялар айырмашылықта болса, қандай жағдайда [екі] "Мен бұрын нені көрсем, соған
жанасамын" және "Мен бұрын неге жанассам, соны көремін" [когницияларын]
айырмашылығы болмайтын таным субъектісіне жатқызуға болады? Қандай жағдайда
мүлде әр түрлі саналарда пайда болатын және өзінің объектісі бір идея [атман] болатын —
"Мен осы бөлінбейтін атман боламын" когнициясы жалпы [білім] ретінде бір таным
субъектісіне қалай тиесілі болады? Өйткені [Мен осы бөлінбейтін атман боламын] білімі
өзіндік жеке тәжірибеден алынуы мүмкін. Сонымен қатар қабылдау беделі басқа таным
белгісі басым емес. Керісінше, басқа таным тәсілдері қабылдау себебінен қолданыс
табады. Сондықтан сана унитарлы, өр түрлі объектілерге бағытталған, тұрақты. Қандай
жағдайда айтылатын тұрақты сананың сол тазаруына жетуге болады?
33. Азап шегу, рақымшылдық және кеселге қатысында достық қалыпты, қайғыға
ортақтасу, қуаныш пен алаламауды әдетке айналдырумен бақытқа, сана тазаруына
[жетуге] болады.
Сонымен, мейлі [йог] барлық бақыт ләззатына бөленгендерге, кім азап шексе, соның
қайғысына ортақтасуды, рақымшылдарға қатысында қуаныш, кеселге икемді болғандарды
алаламауды, тірі жан иелеріне достық қалыпты әдетке айналдырсын. Кім [өзінің
сезімдерін] осындай жолмен тәрбиелеп әсіресе, соларда "жарқын" саналылық пайда
болады және осыдан сана тазаруы жүзеге асады. Болашақ тазарған [ол] бір нүктеге
ұмтылады және тұрақтылыққа қол жеткізеді, қалыптасады.
34. Немесе демді шығару және тынысты бөгеу, ұстап қалу арқасында.
[Толық] дем шығару айрықша күш салудың жәрдемімен екі танау арқылы кеудеден ауаны
шығару болады; оны ұстап қалу пранаяма [демек, тыныс алуды қадағалау]
болады."Немесе" — [йог] осы екі [тәсілдердің] көмегімен ментальдік тұрақтылыққа
жетуге тиісті.
35.
Немесе объектілерге салыстырмалы [сәйкес келетін жоғарғы сезімдік] қызмет
өзінің пайда болуында [сондай] менталъдік тұрақтылықты шақырады.
"Құдайлық" иісті қабылдаған сол, [йогтың] мұрнының ұшына жинақталуы иіс туралы
[жоғарғы сезімдік] қызмет болады. Дәмді қабылдауға тілдің ұшына [жинақталумен