36
лайланбаған шексіз жекеленген, тұрмыс сипаттамасынан айрылған, Ишвара таза Пуруша
ретінде болатыны сияқты, осы [йогте] сондай-ақ, буддха мазмұнын бейнелейтін Пуруша
екендігінің түсінігіне келеді. Одан әрі. Сананы шашырататын кедергілер деген не? Олар
қандай және қанша?
30. Ауыру, селсоқтық, күмән, ықылассыздық, жалқаулық, ұстамсыздық, қате
қабылдаулар, [жинақталудың қандай да бір] сатысына жетуге қабілетсіздік,
[жинақталу] тұрақтылығының жоқтығы — бұл сананы басқаға аударудағы
кедергілердің мәні.
Сананың шашырауына алып келетін тоғыз кедергі [есептеледі].Олар сана қызметімен бір
кезде пайда болады. Бұл [қызметтің] жоғында сондай-ақ олар да жоқ. Сана қызметінің
[түрлері] туралы жоғарыда айтылды.
Ауру — гуморлар [тәндік] секрециялардың, немесе ішкі мүшелер тендігінің бұзылуы.
Селсоқтық — сананың жұмыс істеуге қабілетсіздігі.
Күмән — "мүмкін, ол осылай", "мүмкін бұл, бұлай емес деген" [мәселенің] екі жағын да
қамтитын таным қызметінің [түрі].
Ықылассыздық — жинақталуды жүзеге асыру тәсіліне қызығушылықтың болмауы.
Жалқаулық — сананың немесе тәннің ауырлығы себебінен әрекетсіздік.
Ұстамсыздық — сезімдік объектімен қосылуға құлшыныс.
Қате қабылдау — қате білім. [Қандай да бір] сатыға жетуге қабілетсіздік — жинақталудың
[үйлесімді сатысына жете алмау].
Тұрақтылықтың жоқтығы — сананың езін жеткен сатысында айқындап қоюға
қабілетсіздігі, өйткені тек жинақталуға жеткенде ғана ол тұрақты болуы мүмкін.
Сонымен сананың осы басқаға бұрылуы йогтың тоғыз былғанышы, йогтың жаулары,
йогтың кедергілері деп аталады.
31. Қайғы, уайым, тән дірілі, демді ішке тарту мен дем шығару [сана жағдайы]
шашыраңқылығының серігі болады.
Қайғы [үш түрлі болады]: ішкі [себептермен] шақырылған, басқа жан иелерімен
шақырылған және жаратылыстан тыс [себептермен] шақырылған. Қайғы — бұл, неден тірі
жан иелері қашан зақымданғандарында құтылуға ұмтылса — сол. Уайым — тілектің
[жүзеге асуына] кедергілер салдарынан ақылды қызметтердің бұзылуы болады.Тәндегі
діріл — қашан [тән] бөліктері дірілдейді, демек сілкінеді, солқылдайды.
Демді ішке тарту, сыртқы ауа ішке ұмтылатын өмірлік демалыс болады. Дем шығаруда
[тән] ішінде болатын ауа шығады. Бұл [құбылыстардың] бәрі [сананың] шашыраңқы
жағдайына серік болады, демек олар тек сананың шашыраңқы жағдайында болады және
жинақталған санада болмайды. Сонымен, йогалық жинақталуға кедергі болатын бұл
шашыраңқы [сана жағдайы] қызықпаушылық пен және еске алынған жаттығу көмегімен
өрі жаншылуы керек. Осы жерде [автор] қорытындыға жаттығу пәні туралы айтады:
32.
Оларды жою мақсаты үшін — бір мәнді жаттығу тәжірибесі.
[Сана жағдайының] шашыраңқылығын жою үшін [йог] болса да, санамен бір [дара] мәнге
"сүйенетін" жұмысқа дағдылансын. Бірақ сол үшін [кім], сана тек болғаны бір объектіден
соң басқаны және [оның үстіне] лезде қабылдау деп жорамалдаса], барлық сана [өзінің
жалпылығында] тек бір бағытты және шашыраңқы бола алмайды. [Тек сонда], қашан бүл
[сананың] қалғанның бәрінен көңілі бөлініп, бір объектіге шоғырланған [жағдайында] ол
бір бағытты қалыптасады. Сондықтан, ол қажеттілікпен әрбір объектіге [бағытталуы]