35
Өткенді, болашақты [немесе] қазіргіні жеке, [немесе] бірге алғанда, қайсысының жоғарғы
сезімдік танылымы аз немесе көп дәрежеде [дамыған], сол барлық білімнің дәні болады.
Кімде [бұл дән] тоқтаусыз ұлғайып, бәрін білетін [аталса] соны басып озу мүмкін емес.
Барлық білім дәнінің жоғарғы шекке жетуіне болады, сондықтан ондағы [дәйекті
айырмашылық] ұлғаюының сатылары, көлемнің [дәйекті ұлғаюы] жағдайымен бірдей..
Кім білімнің жоғарғы шегіне ие болуды жүзеге асыса, сол Бәрін білуші болады. Ол —
айрықша Пуруша. Ой тұжырымы тек жалпыны біржола жоюға [өзінің дәлелдемелік
күшін] тауысады жөне [ол] өзгешені тануға жарамсыз; сондықтан Оның ақиқат білімнен
хабардарлығын және басқа ерекшеліктерін агамахтан іздеу керек. Дегенмен Ишвара өзі
үшін пайда іздемейді, оның мақсаты — тірі жан иелеріне пайда келтіру: "Кальпаның
қирауы кезінде және ғаламның ұлы қирауларында білім мен дхарма уағыздарында мен
болмыс иіріміне тартылған [барлық тірі] жандарды қолдаймын". Және осыған сәйкес:
"Сананың жасампаз түрін қабылдаған бірінші данышпан, ең жоғарғы риши Бхагаван
[шексіз] қайғыға ортақтасудан [оны] білуге деген тілекке толы Ассури ілімін
баяндайды."Ол, осы [Ишвара].
26.Оқытушы да ежелгі оқытушылардай, өйткені ол уақыт айырмашылығын
ажыратпайды.
Ежелгі оқытушылар [өздерінің өмір сүрген] уақытымен ажыратылады, бірақ, Ол кімге
уақыт сипаттамасы қолданылмайтын болса сол, және ежелгі [данышпандар] Оқытушысы
да болады. Соған ұқсас Ол осы жасампаздық бастауында, шексіз өмір сүру түрінде қандай
жетілген болса, дәл осылай оны өткен жаратылулар бастауында қарастырған абзал.
27.Оның [вербальдық] көрінісі — қасиетті сөз саптау Ом.
Қасиетті сөз саптау Оммен не белгіленсе, сол — Ишвара.
Бұл байланыс белгіленген мен белгілеушінің шартты келісімінің [жемісі] бола ма,
немесе мысалы, шырақ көзі мен жарықтың арасындағы байланыстай ол өзгеріссіз
бе?
Белгілеуші мен белгіленген арасындағы байланыс өзгермейді, ал салыстырмалы
шартты келісім, Ишвара [белгілеу] бұл да сондай өзгеріссіз қатынас болып
көрінеді. Мысалы, әке мен бала арасындағы өзгермейтін қатынас тек қарапайым
сөз саптаумен анықталады. "Бұл оның әкесі", "Бұл оның баласы". Шынында да
жаратылу кезеңдерінде дәл осылай белгіленген мен белгілеуші қызметтеріне
байланысты шартты
Келісім қабылданады. Агамах білгірлері келісімінің мәңгілікпен сөз бен [өздері
белгілейтін] объектінің арасындағы байланысты мәңгі деп қабылдайды. Белгіленген мен
белгілеуші [байланысын] ұғынған йог қажеттілікпен
28.Оның рецитациясы мен оның объектісінде жинақталуға [жаттығады].
[Ойда тұту] қасиетті сөз саптау Ом рецитациясы және Ишварада жинақталу, қасиетті сөз
саптау Оммен белгіленген. Әрқашан қасиетті сөз саптау Омды қайталайтын йог санасы
оның объектісіне жинақталған және бір нүктеге топталған болады. Осыған байланысты:
"Мантр репитациясы арқасында мейлі ол йогте бола берсін, йог жәрдемімен [мантраны]
айдасын, өйткені мантр рецитациясында шыңдалуға жеткен йогте Жоғарғы Атман нұр
шашады" — деп айтылады. Бұл [йогке] тағы не болады?
29. Осыдан — сананың ақиқат мәні ұғынылады, сонымен қатар кедергілер алынады.
Кедергілер қандай да болмасын — ауыру және тағы басқа — Ишвараға сенім нәтижесінде
өмір сүруін тоқтатады; онда [йогте] өзінің мәнін көру пайда болады. [Еш нәрсемен]