34
болған [йог] үшін [өте] жақын, ол күшті ұмтылушылықтың орташа түріне ие болған [йог]
үшін одан да жақын, бірақ күшті ұмтылушылықтың үдемелі түрі үлесіне және үдемелі
тәсілді ұстанатын [сол йог үшін ол] өте жақын.
23. Немесе [жинақталуға жету] Ишвараға сенімнің салдары.
Сенім салдарынан, демек бхактидің айрықша түрінен[немесе бөлінбейтін
сүйіспеншіліктен] Ишвара йогқа тағзым етеді, ол оны бір ғана [йогтың құдайға] құмарта
ұмтылуы себебінен қастерлейді. Сондай-ақ және йогтың Ишвараға құмарта ұмтылуы
салдарынан жинақталуға жөне оның жемісіне жету жақындай түседі. Сонымен кім,
Пуруша мен алғашқы себептен өзгеше, кімді "Ишвара" деп атайды?
24. Ишвара аффектілер мен карманың, [оның] пісіп жетілуі және жасырынған] "іздері"
тиіспеген айрықша Пуруша болады.
Аффектілер — бұл түсінбеу және тағы басқалар. Карма — игілікті және игіліксіз әрекет.
Кемеліне келу — оның жемісі. Жасырылған іздер — осындай [әрекеттермен]
қалдырылатын санасыз әсер.Және осының [бөрі], тек санада өмір сүріп, Пурушаға
таңылады, өйткені ол оның жемісімен ләззаттанатынның өзі болады. Бұл соғысқа
қатысушыларға байланысты жеңіс немесе жеңілудің олардың иесіне таңылғанымен
бірдей. Кімге бұндай тәжірибе тимесе, сол Ишвара, демек айрықша Пуруша болады.
Бірақ мұндай [демек босатылған] жағдайда, шексіз жекеленген жағдайға жеткен
көптеген кевалиндер өмір сүреді.
Шын мәнінде олар шексіз жекеленуді, үш еселенген ауырлықты үзіп (жойып)
табады. Дегенмен Ишвара өткен уақытта мұндай [жағдаймен] ешқашан
байланысты болғанмен және болашақта да байланыспайды. Әйтсе де босанғанның
өткен кіріптарлығының шегін тану мүмкін болса да, Ишвара жағдайында бұл олай
емес. Және егер "алғашқы себепке қосылған" үшін болашақ кіріптарлық шегі
мүмкін болса, онда бұл Ишвара үшін олай емес. Ол — әрқашан еркіндікте,
әрқашан Ишвара!
Ишвараның ең жоғарғы мәнділікке ие болғанының қамтамасыз етілгенінің,
мәңгілік айырмашылығының сенімді дәлелі бар ма, немесе бұндай дәлелдеу жоқ
па?
Оның сенімді дәлелденуі — қасиетті мәтіндер.
Бірақ бұндай жағдайда қасиетті мәтіндердің сенімді негіздері неде?
Олардың негізі — [Ишвараның] ең жоғарғы мәнінде. Қасиетті мәтіндер мен
[мәңгі] артықшылық Ишвараның ең жоғарғы мәнімен қатар қойылған, сондықтан
олардың байланысының уақытта бастауы жоқ.Осыдан, Ол — әрқашан Ишвара,
әрқашан оның еркіндігі туындайды. Және бұл жоғарғы құдіреттілік өзіне тең еш
нәрсені, немесе басым түсетінді білмейді. Бәрінен бұрын Пасқа жоғарғы құдіреттің
оны асып түсуі мүмкін емес, егер одан асып түсетін бір белгісіздік өмір сүрсе,
онда ол оның өзі болар еді. Сондықтан жоғарғы құдіреттің жүзеге асқан шені —
сол Ишвара болады. Оған тең басқа жоғарғы құдірет жоқ.
Неге? — Екі теңдес, керекті бір объект туралы [айтқан] кезде: "Мейлі ол жаңа
болсын" және "Мейлі ол ескі болсын" біреуінің жетістікке жетуімен екіншісінің
шексіз еркі қарсы әрекетке душар болады және ол төмен болып қалады. Бұдан
басқа, бір уақытта, тек сол бір керек объектіні [күштері] тең екі [субъектінің] алуы
мүмкін емес, өйткені бүл мақсатқа қарсы. Демек, кім жоғарғы құдіретке ие болса,
оған ешкім тең келмесе, немесе одан асып кететін болмаса, сол Ишвара. Ол
[сутрада] айрықша Пуруша [деп аталған]. Және одан әрі
25. Ондағы барлық білім тұқымының өзінің теңі болмайды.