Page 33 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

33
объект болмайды. Сана [жағдайының], алдын алатын осындай тәжірибе, егер де ол өмір
сүрмейтін үлес есебінде болса, езінің тірегінен айрылады.
Бұл "дәнінен айрылған" санасыз [аталатын] жинақталу осылай [пайда болады]. Оның екі
түрі [болатыны] белгілі: әдіспен жекеленген және өмір сүрумен жекеленген. Соның ішінде
әдіспен жекеленген [жинақталу тек] йогтарға тән.
19. Өмір сүру себепші болған [санасыз жинақталу] денесіз және алғашқы себептік
[мәнге] қосылғандарда [болады].
Тәнсіз құдайларға өмір сүрудің [санасыз жинақталу] түрі себепші болады. Болашақ
саналы үлеске ие болған олар, абсолюттік жекеленуге сәйкес жағдайды бастарынан
кешіреді, ток өздерінің санскарларын [демек қалыптастырушы факторларын]
пайдаланады, олардың санскарлары [қашан] нәтиже әкелгенде ғана оз қалыптарына, өмір
сүрудің өздеріне үйлесімді түрлеріне өтеді.
Осылай және басқалар, кім алғашқы бастауға қосылғанда абсолюттік жекеленуге ұқсас
жағдайды байқайды, бұнда олар алғашқы себепке қосылған жағдайда болса да, саналары
әлі өздерінің міндеттерін жүзеге асырмайды. [Сонымен бұл], [елі орындалмаған]
міндеттеріне бола, сананың әзірге қайтадан [болмыс иіріміне] оралғанына дейін жалғаса
береді.
20.Басқа[жандардың санасыз жинақталуларының] алдын сенім, қуат, еске түсіру,
пайымдау және даналық алады.
Йогтар үшін [санасыз жинақталуға жетудің] жағдайы әдіс болады. Сенім ақылдың
анықтығы болады, өйткені ол йогты қамқор ана тәрізді қорғайды. [Осындай] сенімге ие
болғандарда және ажырату [қабілетін табуды] өздеріне мақсат қылғандарда қуат пайда
болады. Оларда қуаттың артуымен еске түсіру [қабілеті] пайда болады, [демек жадта
объектіні орнықты сақтау]. Сананың еске түсіре алатын қабілеті болса, сабырлылыққа
жөне бір жерге топталуға қол жеткізеді. Топталған санаға ие болған кімде де ажырату
даналығы пайда болады, оның көмегімен ол заттардың ақиқат табиғатын таниды.
Осы тәсілдерді қолдануы арқасында және қызықпаушылық ретіндегі [жорамалдау]
мақсатынан санасыз жинақталу пайда болады. Бұл йогтар [қолданылатын] жұмсақ, орташа
немесе үдемелі әдістерге байланысты — тоғыз [класты] құрайды. Сонымен [йогтар]
"жұмсақ" әдіс, "орта" әдіс және "үдемелі" әдістерді [үйренушілер (жаттығушылар) ретінде
ажырайды]. Олардың ішінен кім "жұмсақ" әдісті пайдаланса, тағы үш түрге [бөлінеді]:
әлсіз ұмтылған, орташа ұмтылған және күшті ұмтылған [үлесі]. Ұқсас бейнеде біркелкі
әдісті пайдаланатындар арасында да және үдемелі әдісті пайдаланатындардың арасында
да [осындай бөліністер бар]. Үдемелі әдісті пайдаланатындар арасында және
21.Күшті ұмтылу үлесіне ие болғандар [жинақталуға] тікелей жақын.
[Осы йогтар түрінің] жинақталу және жинақталу жемісін табуы [айтарлықтай тез] жүзеге
асады.
22.Бірақ бұл жағдайда да тағы [ұмтылудың] әлсіздік, біркелкілік немесе үдемелілік
айырмашылықтары болады.
Күшті [ұмтылушылықтың] әлсіз түрі, күшті [ұмтылушылықтың] біркелкі түрі және күшті
[ұмтылушылықтың] үдемелі түрі [бар болады]. Сондықтан [тіпті күшті ұмтылушылыққа
ие болған йогтар арасында] да айырмашылық [бар]. Осындай айырмашылықтан
жинақталуға және жинақталу жемісіне жету күшті ұмтылушылықтың әлсіз түріне ие