Page 339 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

339
...Кемеңгер билеушілер мен талантты сяндар —
Сюнь-цзының саяси тұжырымдарына
сәйкес, "бірінші министрге" (сян) шындығында мемлекетті басқарудың шектеусіз
құқықтары берілген; ол шенеуніктік қызмет бастықтарын тағайындады, олардың өз
міндеттерін орындауын бақылады, сарай, министрлер мен шенеуніктер арасындағы
қарым-қатынасты реттеді, олардың қызметін бағалады, көтермелеу мен марапаттау
мөлшерін белгіледі.
Яо
— аңызға айналған билеуші, кунфуциандық даналық пен қайырымдылықтың үлгісі.
Цзе —
Ся үйінің соңғы билеушісі, деспот және жүргіш ретінде бейнеленген.
...Табиги дао... —
Сюнь-цзының өзіне Лао-цзының ықпалы туралы куәлік беретін негізгі
философиялық көзқарастарының бірі. Философ
дао
ретінде табиғаттың "табиғи жолын",
оның адам ескеруі, өз сақтауы тиіс объективті процестері мен заңдылықтарын түсінеді.
Сюнь-цзының іліміне сәйкес адам
даоны
тануға қабілетті, сәйкестікте әрекет ете отырып,
"заттарды", табиғатты ("аспанды") өзіне бағындыра алады.
Аспан тағдырын жеңе отырып —
"Аспан тағдырының" (
тянь мин)
фатальділігіне сенген
Кун Фу-цзыдан ерекшелігі Сюнь-цзы оны адам "жеңе алатын" деп санады. Сюнь-цзының
көзқарасынша, адам табиғаттың "табиғи жолын" —
даоны —
танып, кейіннен оны "өз
мүдделеріне" "пайдалануға" қабілетті дейді.
Заттардың мәнін жоғалту
— Сюнь-цзы
заттардың сезімі (ваньу чжи цин)
ретінде
адамның өзіне табиғатта "өз орнын иемденуге" мүмкіндік беретін, яғни "аспан" мен
"жерді" өз мүддесіне пайдалану және "заттарды өзіне бағындыру" икеміне жол ашатын
табиғи ("аспандық") процестердің заңдылығын "игеруін" түсінеді.
Артында тұрғанды ғана көреді және алдында тұрғанды көрмеді —
Сюнь-цзы мұнда
"Дао дэ цзинде" тұжырымдалған атақты даостық тезисті айтып отырғаны ақиқат:
"[Кемеңгер] адамдардан жоғары тұрғысы келсе, ол өзін басқалардан төмен қоюы тиіс"
("Дао дэ цзин", 66 тарау, XVI).
Кішіпейілділікті ғана мойындайды және үстемдікті теріс көреді —
Сюнь-цзы мұнда
Лао-цзының дана адамның "өзін төмендетпейді", "өзін жоғарылатпайды" және
кішіпейілділікті оңай көреді" деген ережесін айтып отыр ("Дао дэ цзин, 72 тарау, XXII).
Теңдікті ғана мойындайды және үстемдікті теріс көреді
— Мо-цзы уағыздаған "теңдік"
және "әлеуметтік әділеттілік" тұжырымдарын сынай отырып, Сюнь-цзы ежелгі қытай
қоғамының қатаң әлеуметтік сатылылығын қолдады, ол адамдарды "басқарушы" және
"бағынышты" деп болуды көздеді. Мо-цзының "таланттарды құрметтеу" және әлеуметтік
жағдайына қарамастан қабілетті адамдарды қызметте өсіру туралы идеяларын қабылдай
отырып, Сюнь-цзы әйтсе де адамдарды әлеуметтік сатыда қатаң белгіленген орынды
иеленген нақты жобаланған әлеуметтік топтарға бөлуді мүлдем алып тастауға қарсы
болды.
Үлкенді көрмей, шағынды ғана мойындады —
Сун Цзиннің адамдардың тілегін шектеу
қажеттілігі туралы ілімі айтылып отыр.
Рәсімнің [тілектерді] қанағаттандыру [мақсатына] қызмет ететіні —
Кун фу-цзының
рәсім туралы ілімін
{ли)
отбасы мен қоғамдағы адамдар арасындағы қарым-қатынастың