340
нормативтік негізі ретінде дамыта отырып, Сюнь-цзы бұл ұғымды жаңа әлеуметтік-
экономикалық мазмұнмен толықтырады: оның көзқарасынша, рәсім тек қана құлдықтың
өлшемі, адам мінез-құлқының нормасы емес, сонымен бірге қоғамдық өнімді бөлудің
экономикалық тетігі де.
Қос [нәтижеге] қол жеткізу
— бір нәтиже ретінде — рәсімді сақтау, борышты орындау,
екінші нәтиже ретінде — сезімді тыныштандыру және оларды ақылмен қанағаттандыру
айтылған.
Ұлы құрбандық шалу
— үш жылда бір рет жасалатын билеуші бабаларға құрбандық шалу.
Маусымдық құрбан шалу —
маусымында бір рет жасалатын билеуші вандарға құрбандық
шалу.
Ай сайынғы құрбандық шалу
— қалған ата-бабаларға құрбандық шалу.
Сун-цзы (Сун Цзянь) адамның "тілектерін басып тастау" теориясын уағыздады, бұл кезде
Сюнь-цзы рәсім нормаларының көмегімен оны "ақылға сыйымды түрде"
қанағаттандыруды қолдап жүрген еді.
Сюнь-цзы мұнда
Шэнь Даоның
қоғамдық өмірдің қалған барлық
нормаларынан заңның сөзсіз артықшылығы туралы тұжырымдамасын айтып отыр. Заңды
мемлекетті басқарудың бір әдісі ретінде жоққа шығармастан Сюнь-цзы әйтсе де табысты
басқару негізі билеушінің "даналығы" екендігін таныды, оның маңызын Шэнь Дао теріске
шығарған.
Чжоу-гун —
чжоу билеушісі Чэнь-ван кезіндегі (б.д.д. XI ғ.) регент,
Кун Фу-цзындық дәстүрді барынша құрмет тұтатын саяси қайраткерлердің бірі. Оған
салттар мен музыкаға сүйенетін рәсімдік жүйені жасау және "халықтың қажеттіліктерін
қанағаттандыруға" бағытталған экономикалық саясат жүргізіледі.
Үш ван
— Юй, Чэн тан
және Вэнь-ван.
Сюнь-цзының
ойлау "әдістері"
туралы ілімі ежелгі қытайдың балаң диалектикалық
ойының маңызды жетістіктеріне жатады. Сун Цзян — Инь Вэн мектебінің "ойлау өнері"
(синь шу) туралы идеясын қабылдай отырып, Сюнь-цзы оларды балаң диалектикалық
мазмұнмен байыта отырып, елеулі түрде дамытты.
"Дао туралы канон"
("Дао цзин") —
даога
талдау жасайтын бізге жетпеген көне
кітаптардың бірі екендігі анық.
Вандардың кейінгі ұрпақтары —
мұнда кейінірек кезеңдегі билеушілер (аңызға айналған
ван-бабаларға қарсы) — Чуньцю мен Чжаньго (б.з.д. VIII-III ғғ.) айтылып отыр.
"Чжуся" ("Все Ся") — Қытайдың тұтас батыс және шығыс патшалықтарының ертедегі
аймақтардың атауы.
Атауларды түзетуде шатасушылыққа ұшырату —
Сюнь-цзы мұнда
конфуциандық мектептің ілімінен ерекшелікті және Ежелгі Қытайдың қоғамдық-саяси
ойының бағытын айтып отыр.
Цзюнь —
Ежелгі Қытайдағы облыс билеушісінің титулы.
Сюнь-цзының адамның туа біткен зұлым қасиеті туралы тұжырымдамасы оған дейін
кунфуцишілдікте қабылданған (Кун Фу-цзы мен Мэн-цзының көзқарастары) адамның "туа
біткен ізгілігі" туралы, оған туғаннан бастап тән болатын адамгершілік, рәсімді сақтауға