Page 338 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

338
Хуэй Ши
— "Жауласушы патшалықтар" дәуіріндегі әйгілі философ, "атаулар" логикалық
софистік мектептің өкілі. Чжуан-цзымен бір дәуірде (б.д.д. IV ғ.) өмір сүрген, онымен
достық қарым-қатынаста болған.
Дэн Си
— Чжэн патшалығының төресі, легистер мектебінің негізін салушы Цзы Чаннің
(б.д.д. VI ғ.) замандасы. Чжэнь патшалығында б.д.д. 536 жылы Цзы Чаннің бұйрығымен
құйылған әйгілі ошақ туралы заңды түсіндірумен белгілі болған.__
Ван, гун, ши, дафу
— б.з.д. III ғасырдағы мемлекеттік аппараттағы жоғары шеннің атауы,
шартты түрде төрелер деп аударуға болады.
Цин —
билеушінің жақын көмекшілері, Чжоу патшалығындағы жоғарғы төрелер. Сян —
бірінші министрлер немесе билеушінің кеңесшілері.
Бес дене кемшілігінен зардап шегуші адамдар
— Ян Ляннің түсіндірмесіне сәйкес. Мұнда
мылқаулар, кереңдер, бір немесе екі аяғынан ақсақтар, қолы немесе аяғы жоқ мүгедектер
әңгіме болып отыр.
Заң болғанымен, оны талқылау жоқ
— Мұнда Сюнь-цзы елді басқарудағы
жариялылықты, мемлекеттік істерді ашық жүргізуді айтып отыр.
Дана вандар —
мұнда үш әулеттің — аңызға айналған Ся, Шан-Инь және Чжоу-Юй, Чэн
Тан мен Вэнь-ван негізін қалаған барынша құрметтелетін кунфуциандық ілім әңгіме
болып отыр.
Цзы Чань —
б.з.д. V ғ. өмір сүрген Чжэн патшалығының ірі саяси қайраткері. "Цзо
чжуаньнің" куәлігі бойынша, б.д.д. 536 ж. оның бұйрығы бойынша қылмыстық жазалау
туралы заңдардың мәтінінен қола ошақ (мосы) құйылған. Чжэн патшалығында бірінші
министр лауазымында болған кезінде (б.з.д. 546-522 жж.) ру ақсүйектерінің құдіреті мен
билігін ыдыратқан бір қатар маңызды әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар жүргізген.
Гуань Чжун
— Ци патшалығының ірі саяси қайраткері, Хуань-гун (б.з.д. 685—643)
сарайындағы министр. Оның бастамасы бойынша Ци патшалығында маңызды әкімшілік
және әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар жүргізілген.
Yш әулет
— мұнда Ся, Шан-Инь, Батыс Чжоу әулеттері әңгіме болып отыр.
[Жалқау] ақжолтайлар —
аудармфа Ян Лян тан түсіндірмелерін ескере отырып беріледі.
Талантты адамдарды көтермелеуді және өсіруді қолдай отырып, Сюнь-цзы сонымен бірге
шенеуніктердің өздерінің де әрекет етуінің және жер өңдеушілердің де табанды еңбегінің
қажеттілігін атап көрсетті.
Жақында тұрған адам
— Сюнь-цзы мұнда билеуші сарайында қызмет атқаратын адамдар
туралы айтып отыр, оларды "алыста тұрған адамдарға", яғни дене еңбегімен айналысатын
адамдарға қарсы қойған.
Ци —
қытайлардың ертедегі натурфилософиялық көзқарасына сәйкес әлемді толтыратын
ұсақ бөлшектер, эфир. Сюнь-цзының философиясында
ци
әлемнің бастапқы материалдық
негізінің мәнін — барлық "заттарды" құрайтын материалдық бөлшектерді құрайды.