337
мағына береді. Бекзат кісі — кунфуцишілдікте моральдық тұрғыдан алғанда кемел,
адамгершілігі мол қалыпты тұлға болып табылады.
Гань, юэ, и, хэ
— Ежелгі Қытайды мекендеген халықтар.
Бес бірдей қабілетке ие
— таң түсіндірушісі Ян Ляннің (IX ғ.) куәлігі бойынша
қонжықтың қабілеті ретінде ұшу, ағаштардың тамырын қопару, жүзу, жерді қазып кіру
және жер бетінде қозғалып жатады. Сюнь-цзы осы мысал арқылы "мақсатқа ұмтылғыш
болудың" маңыздылығы туралы өз ойын нықтайды.
Канондарды сіңіре оқу
— мұнда "Ши цзин", "Шу дзин" және "Юэ цзин" ("Музыка
кітабы") ойда ұсталған — кейіннен жоғалған кунфуциандық канон.
"Салттар кітабы
("Ли") — мұнда Сюнъ-цзы қисынға сүйенсек, мына екі кітапты: "Жауласушы
патшалықтар" (б.д.д. V-III ғғ.) кунфуциандық кезеңде құрастырылған "Ши ли"
("Шенеуніктерге арналған салттар"), немесе "И ли" ("Салтанаттар мен салттар" жинағын,
"Чжоу ли" ("Чжоу дәуірінің рәсімі") жинағын ойда ұстап отыр. Біріншісі Чжоу дәуіріндегі
негізгі дәстүрлерді білдіреді, ол ғалымдар (ши) табынан шыққан кунфуциандық
шенеуніктерге міндетті болған, екіншісі өзіне маңызды патшалықтардың әкімшілік
белгіленімдерін қосты. Сюнь-цзы осы тарауда "Салттар кітабын" "негізгі заңдар мен
дәстүрлердің жинағы" ретінде сипаттағанымен, оның "Ли" ("Салттар") атауымен Қытайда
"Жауласушы патшалықтар" кезеңінің аяғында Қытайда болған бір кітапты емес, екі
кітапты да атап отырғанын болжауға болады.
Цунь
— ұзындық өлшемі, қазіргі 32 мм тең.
Чэнь Чжун
— "Жауласушы патшалықтар" дәуіріндегі Ци патшалығының сопылығымен
белгілі болған оқымыстысы. "Мэн-цзы" ескерткішінің "Тэндік Вэнь-гун" тарауында Ци
патшалығының әйгілі әулетіне жататын Чэнь Чжунның ағасы мен анасының табысы "адал
емес" деп есептеп, ағасы мен анасынан безгені және оны қайыршылық, бейшара
міскін деп оның жомарттығын пайдалануды қаламағандығы туралы айтылады.
Лин-Гун билігі
(б.д.д. 534-480 жж.) дәуіріндегі Вэй патшалығының жылнамашысы. "Лунь
юйдің" "Вэйлік Лин-гун" тарауында Кун Фу-цзы оны "адал", "тура" адам деп атайды.
Сун Цзянь
— "Жауласушы патшалықтар" дәуіріндегі (б.д.д. IV ғ.) әйгілі философ, өз
ілімін Цзиси академиясында таратқан. "[Ертедегі] Хань тарихының" "И-вэнь чжи"
тарауында "Сунь-цзы (яғни Сун Цзян)[шығармасының] 18 тарауы" туралы айтылады, онда
Бань Гудың сөзі бойынша, ол "Хуан мен Лао (яғни Хуанди және Лао-цзы) [ілімінің]
мәні туралы пайымдайды". "Сун-цзы" трактаты біздің заманымызға жетпеген.
Шэнь Дао
(Шэнь-цзы) — "Жауласушы патшалықтар" дәуіріндегі әйгілі философ, өз
ілімінде Лао-цзы ілімінің элементтерін алғы легистер көзқарастарымен ұштастырған
даостық мектеп бағыттарының бірінің өкілі. "[Ертедегі] Хань тарихында" легистер
мектебіне жататын 42 тараудан тұратын шығарманың авторы ретінде еске алынады.
Тянь Пянь —
"Жауласушы патшалықтар" дәуіріндегі философ, даостық мектептің өкілі.
"[Ертедегі] Хань тарихы" кітабының библиографиялық бөлімінде Лао-цзы мектебіне
жататын "Тянь-цзы ("Тянь философы") [шығармаларының 25 тарауы" аталады.