336
Табиғаттың алты элементі
(лю ци) — бұл еркек бастамасы —
ян,
әйел бастамасы —
инь,
же
л, жаңбыр, қараңғылық пен жарық, немесе жел, ыстық, ылғал, от, құрғақ және суық.
Кеңістіктің алты нүктесі
—
шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік, аспан биігі, надир.
"Алты кітап"
— кунфушилердің "бес кітабы" ("И цзин", "Ши цзин", Шу цзин", "Чуньцю",
"Ли цзи") және музыкаға арналған "Юе цзин" (б.д.д. III ғ).
Инь және ян
— тұтас субстанцияның
(ци),
дүниенің және өмірдің қарама-қарсы
бастаулары мен себептері.
Инь
— жердің рухы, әйелдік бастама, ай сияқты күңгірт сәуле
тартатын күш;
Ян
— аспанға тараған, оны жетілдіретін рух, еркектік бастама, жағымды,
жарқын сәуле.
Дао жоне дэ
— аспанға, адам табиғатына және рақымдылыққа жол, қайырымдылық пен
рақымдылық жасау (дэ).
"Дао дэ цзин"
— екі бөлімнен тұратын лаоистік қағиданың негізгі кітабы. Кітап Лао-цзы
мен оның шәкірттерінің ауызша таралған қағидаларының жиынтығы. Бұл ілімнің басты
категориясы — дао (Жол) ұғымы. Дао болмыстың бас себебі, соңғы мақсаты, ақыры, бар
нәрсенің айналымы. Даоны таныған табиғаттың заңын ұғады, дүниенің жарастығын
бұзбайды.
"Лунь юй"
Кун Фу-цзының жақын шәкірттері жасаған шығарма. "Лунь юйдің"
қалыптасқан мәтіндері — отбасы, қауымдасу, сауаттылық, адамның адамгершілігін
жетілдіру ұстанымдары дәстүрлі қытай мәдениетінің қайнар көзін қарады. Бірақ шығарма
идеясын қолдаушылар екі рет — Цинь Шихуан император кезінде (б.д.д. III ғ,) және 1972-
1976 жж. ашық қудалауға ұшырады. Шығармадағы "бекзат кісі" мен "кемеңгер
данышпанның" бейнесін жасаудағы адамсүйгіштік идеясы біртіндеп мемлекеттік
идеологияның негізіне айналды.
"Мо-цзы" —
моистер мектебі өкілдерінің (б.д.д. V-III ғғ) көзқарастарының кітабы.
Көзқарастар б.д.д. III—II ғғ. жетпіс бір тараудан тұратын кітап ретінде қалыптасқан.
Моистер "қызметкерлер" (ши) тобынан шыққандықтан ақсүйектерге қарсы, кунфуциялық
бағыттарға қарсы ой-пікірлер таратады
" Чжуан-цзы"
— даоистік түсінік пен дәстүрді қабылдаған және жалғастырған отыз үш
тараудан тұратын шығармашылық еңбек (б.д.д. IV-II ғғ).
"Гуань-цзы" —
Лю Сян кезінде (б.д.д. I ғ.) сексен алты тараудан тұрса, оның оны кейін
жоғалып кеткен ескерткіштер жинағы. Кітапта Ежелгі Қытайдың әртүрлі саяси-этикалық,
саяси-экономикалық, философиялық мәселелер қамтылған. Еңбек ежелгі Қытайдағы
ғылыми ойлардың деңгейін талдауға мүмкіндік береді.
Бекзат кісі (цзюнь-цзы)
— кунфуцишілдік этиканың идеалды адамды бейнелейтін басты
ұғымдарының бірі; оның басты белгісі әдет
{ли)
нормаларын сақтау, "борыштық сезімді"
иемдену, ұл ретіндегі кішіпейілділік (
сяо
) және шынайылық (
чэнь)
болып табылады. Кун
Фу-цзы
цзюнь-цзы
терминіне алғаш рет этикалық мәннен басқа белгілі бір әлеуметтік