Page 335 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

335
Тибет
буддизмі — Тибет патшасы Лхатотори Ньенцен кезінде қалыптасқан буддизм
саласы. Кейін Үндінің атақты ғалымдары Шантаракшира, Камалашила, әйгілі йогшы
Падмасамбаха Тибет буддизмінің сутраларын, тантралары мен түсіндірмелерін жинақтап,
талдап ілім ретінде таратқан.
Ежелгі қытай философиясы
Шан (немесе Инь)
— Қытайды б.д.д. XVIII-XII ғғ. билеген династия.
Чжоу
— Қытайды б.д.д ХІІІ-ХІІ ғғ. билеген династия
Вэнь-ван
— Чжоу династиясын жартылай тарихи қалаушылардың бірі.
Бес түс
— сары, қызыл, көк, ақ, қара; БЕС ДЫБЫС — Қытай музыкасындағы Гамманың
бес түрлері; Дәмнің бес сезімі — тәтті, қышқыл, ащы, өткір, тұзды. Лао-Цзы мұнда
орынсыз сәндеуден сақтандырады.
Аспан -
Лао-Цзы да заттардың табиғилығын Даомен тең.
Адамсүйгіштік
(Жэнь терминінің шартты баламасы) — Кун Фу-Цзы ілімінің маңызды
этикофилософиялық категориясы. Кун Фу-Цзы Жэнь алдымен әкелер мен балаларының,
ағайындардың, патша мен мемлекет шенеуніктерінің расындағы қатынасты, содан кейін
ғана жалпы адамдар арасындағы байланысты білдіреді.
"Ши цзин"
("Өлеңдер кітабы") — б.д.д. XI-VII ғғ. 300-ден артық халықтық өлеңдер
жиынтығынан, төрт бөлімнен тұратын шығармашылық ескерткіш. Өлеңдер де сол кездегі
қоғамдық қатынастарға және олардың өмірлеріне наразылық білдіріледі.
"Тарих кітабы"
("Шу Цзин") — Қытайдың көне мифологиялық деңгейінен Чунцью
кезеңін (б.д.д. XXIV-VIII ғғ) қамтитын, XXXVIII тараудан тұратын ежелгі Қытай
мәдениетінің ескерткіші.
Инь
династиясы Ежелгі Қытайды б.д.д. XVII-XI ҒҒ. басқарған.
Цзэн-цзы
— Цзэн Шэннің жалған аты. (Оның екінші аты— Цзы Юй, б.д.д. V Ғ. өмір
сүрген). Цзэн-Цзы Кунд Фу Цзының сүйікті шәкірттерінің бірі болған. Оны "Ұлы ілім"
("Да сюэ") кітабын жазғандардың біріне ұқсатады.
Цзы-Сс (Бу Шан), Цзы-Цинь (Чэнь Кан), Цзэн-Цзы (Цзэн ШЭНЪ), Цзы Гун (Даньму Сы
не Сы), Мэнь И-Цзы (Мэнь Чжун-Сунь), Минь ЦзыЦянь (Минь Сунь), Мэн И-Цзы (Мэн
Чжун-Сунь), Фань Чи (Фань Сюи), Цзы Ю (Янъ Янъ), Янъ Хуэй (Янъ Хой, Янъ Юань,
Янъ Цзы - Юань), Цзы Чжан (Чжуань Сунь-Ши), Цзы Чжан (Чжуань Сунь-Ши), Цзай Во
(Цзай -Юй, Цзы Во), Цзы Лу (Чжун Ю), Жань Цю, Гуанси Хуа, Гунси Чи (ЦзыУа, Лао Ин
Цзы-Кай), Чжун Ю (Цзы Лу) Сыма Ню (Сыма Гэн) — Кунд Фу Цзының шәкірттері.
Гуань Чжун
немесе Гуань-Цзы (Б.д.д. 645ж қайтыс болған) Ци өлкесінде туып өскен
көрнекті философ, экономист Шаньдун провинциясында бірінші Министр болған
мемлекет қайраткері.
Алтын орта
немесе алтын өлшем (
чжун юн) —
жітік адамгершіліктің бейнесі. Кунд фу
цзы шәкірттері кейіннен
алтын орта
туралы "Чжун юн" кітабын жазады.