334
Пракриталар
("табиғи", "халықтық") — джайнистер мен буддистер еңбектерінде әдеби
өңделген ауызша орта индиялық тілдер.
Сансара
("алмасу") — жанның бір денеден басқа денеге ауысып, алмасуы туралы ілім.
Шрута
("есітілген") — ақындар даналар жазбаған, бірақ ұрпақтардың есінде қалған,
ведалық әдебиеттер сияқты Үнділерді киелі еңбектерінің түрі.
Акаша
— материалды бастамасы жоқ дүние, бос кеңістік.
Вайшешик
жүйесі (ерекше, типтік) — б.д.д. Vғ. қалыптасқан мифтік философиялық
көзқарастар жиынтығы. Ньяя іліміне үндес, жеке мені құтқаруға арналған көзқарас.
Пураналар
(көне дәуір туралы әңгімелер) — І-ХХ ғғ дейінгі жиналған аңыз - әңгімелік
және көптеген эпикалық шығармалар. Пуранның саны көп болса да, "МАХАБХАРАТА"
сияқты 18 басты атаулары бар.
Дхарма
("заң", "тәртіп", "парыз") — жалпы мағынада, абстрактілі, жағымды мұраттың
рөліне сәйкес кейбір моральдық сипаттама.
Джива
— жан, рухани бастама, бірлесе өмір сүрудің елеулі көрінісі.
Локаята
(осы дүниедегіні тарататын жердегіге қамқорлық ету) — Үнді философиясында
матералистік дәстүрді қалаған көзқарастар.
Миманса
(кейбір мәселені ойлану және сыни талдау арқылы шешу жолы) — Үнді
мәдениетінде рәсім салтты жалғастырған, оған деген сенімді қалыптастырған мектеп.
Ньяя
("тәртіп", "негіз", "тәсіл", "түйін") — I ғ. Аяғында пайда болған ерте үнді
философиясының бір ағымы. Оның негізін қалаушылардың бірі — Готама. Ньяя —
ойлану туралы, сыни талдау туралы ілім.
Чарвака
("Іш, же", "көңілден" дегенді білдіретін матералистік ағым) — қабылдауды
танымның бастауы деп, қалың жұрттың көзқарасын қолдайтын ағым. Оның негізін
қалаушылардың бірі — Брихаспати.
Жайнизм
("жеңімпаз") — б.д.д. VI ғ. Индияда касталар пайда бола бастаған кезде
киатрийлердің көзқарасын қолдайтын, веданың беделі мен құдайларды мойындамаған.
Брахманға қарсы шыққан діни бағдар. Жайнстер өздерінің дінін ерте заманда 24 ұстаз
қалдырған деп есептейді.
Буддизм
(сергектену) — б.д.д. VI-Vғғ. қоғамның кастолық тәртібіне, ақсүйектердің
қысымына, оның діні — брахманизмге қарсы қалың жұрттың ішкі наразылығын білдіретін
діни ағым.
Махаяна
— буддизм іліміндегі нигилистер мен субъективті идеалистердің ағымы.
Хинаяна
— буддизмнің сыни және реалистік бағытта өрбіген ағымы.