Page 331 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

331
қызметтен босатса — орташа [деңгейдегі] батылдық сол! Өз денсаулығын аямай,
байлықты бағаласа; бақытсыздыққа жайбарақат қарап, бірақ [олардан] қалай құтылуға
болатынын кең түрде айтса, ақиқатпен, өтірікпен, істердегі дұрыс және бұрыспен
есептесуді қаламаса, тек қана [дауларда] басқаларды жеңуді қаласа, — төменгі
[деңгейдегі] батылдық сол!
...Адам өз табиғатынан керемет қасиеттер мен даналыққа ие болса да, ол сонда да дана
ұстаз туып, [барлық істе] оның соңынан еруі керек, ол жақсы адамдардан дос тауып,
олармен достасуы керек.
Адам жақсы ұстаз алса және барлық істе оның жолын қуса, ол Яо, Шунь, Юй және Тань
істері туралы ғана естиді! Адам жақсы достарға ие болып, олармен достасса, ол тек қана
шынайылық, сенімділік, құрмет пен кішіпейілділікті көреді! Егер мұны оның өзі білмесе
де, адам күн сайын адамгершілік пен борыш сезіміне барынша бойлай түссе,— бұл оның
[жақсы] адамдармен қарым-қатынасының нәтижесі. Адам жаман адамдармен болған
кезде, ол тек қана өсек пен өтірік естиді, ұятсыздықты, бұзықтықты, ашкөздікті және
олжаға деген құмарлықты ғана көреді. Егер адам [өз іс-әрекетіңде] оны өзі білмесе де өзін
үкім шығаруға алып келсе, — бұл оның [жаман] адамдармен қарым-қатынасының
салдары! Тәмсілде былай деген: "Егер өз балаларыңның қандай екендігін білмесең, оның
достарына қара. Егер өзіңнің билеушіңнің қандай екендігін білмесең, оны қоршаған
адамдарға қара". Мұның бәрі — [адамдармен] қарым-қатынастың [нәтижесі].
(
Древнекитайская философия. В 2-х т.
Т.2. М., Соцэк., 1973, с. 142-209)
TYCIHIKTEMEЛEP
Ежелгі үнді философиясы
Ведалар
(киелі білімдер)— тайпалық қоғам ыдырай бастаған кезде таралған мифтер,
ежелгі Үнділердің мифологиясын, космологиясын, әлеуметтік қатынастарын қамтитын
діни және философиялық гимндердің, табынудың, жалбарынудың, өлең айтудың,
құрбандық шалу рәсім салттарының жиынтығы. Оның түрлері —
ригведа, самоведа,
яджуведа, атхарваведа.
Ригведа
("гимндердің Ведасы")— негізінде табиғат құбылыстарымен сіңіскен
құдайлардың құдіретін мадақтауға арналған б.д.д. ХІ-Х ғғ. қалыптасқан өлеңдердің көне
жиынтығы. Ригведаның ағымдары — самхиттер (діни гимндер), брахмандар (рәсім салт
жоралары мен мәтіндердің жиынтығы), араньяктар ("Орман кітабы", шет қалғандардың
мінез-құлық ережелері), упанишадтар (веданың діни философиялық ойлану мәтіндері).
Сурья, Савитар, Митра, Мартанда
— күнді бейнелейтін құдайлар.
Агни
(миф., "от"
мағынасында) — оттың құдайы; ведалық храмның үлкен құдайларының бірі. Аңыз
бойынша оттың жалыны мен түтіні адамдардың садақасын құдайға желпіп жеткізеді.
Варуна
(миф.) — аспанның құдіретін білдіретін ведалық құдайлар басты біреуі.
Вишвадева
(миф. "бар құдайлар) — барлық құдайлардың ортақ аты; құдайлар тобын
анықтау.
Индра
(миф.) — найзағай құдайы, күн күркіреу құдайы, Үнді зевсі.
Дакша
(миф.)
құдай, Брахманның ұлы. Аңыз бойынша, оның қызынан құдайлар, жын-перілер және
адамдар тарайды.