332
Упанишадтар
(асыл білім, құпия ілім) — Индияда таптық қоғам орныға бастаған кездегі
ведалық тексттерге жасалынған әр түрлі философиялық талдаулар.
Адити
(миф. "шексіздік") — ведалық храмның құдайы. Оның түрлі қызметі аталып өтеді:
Ол — Адитьидің анасы.
Адитилер
(миф.) — Адитьидің ұлдары — Варуна, Митра, Васу және басқалары. Ұлдарға
түрлі қызмет жүктеледі, негізгісі — жылдың он екі айын құрайды.
СОМА
— сома өсімдігінен дайындаған мас етерлік сусын; Айдың құдайы.
Асуралар
(миф. " құдайлар емес") — құдайлардың қарсыластары, жын-перілер.
Пуруша
— космос алыбы жасалған дүниенің космостық қайнары, алғашқы адам, барлық
тірілерге жан беретін деп ендіретін таза сана қуаты; жалпы рух. Сонымен қатар оны,
өзектенген сана аймағына енге объекті еді көретін көрермен деп те атайды.
Атхарваведа
("жалбарыну, қарғыс айту" ведасы) — самхиттің соңғы төртінші бөлімі;
дұға, магиялық өлеңдер оқып "емдеу", көптеген сырқаттарды шептермен емдеудің
ережелері.
Брахман
— біртекті заттардың кейбір тобының субстанциясы; абсолют субстанция; бар
нәрсенің алғашқы негізі; Атманға тең абсолютті сана; Варнаның мүшесі; Брахмандар —
Индияда таптық қоғам қалыптаса бастаған кезде Абыз-Брахмандар жасаған едалық
әдебиеттің түрі. Онда ведалық мәтіндерге түсіндірме, рәсім салт жинағы, құдайлар мен
патшалар туралы әңгімелер кезігеді. ШАТАПАТХА-БРАХМАН — адамның қасиеті
туралы мазмұнды жинақтың бірі.
Атман
— дене; тыныс; индивидтің жаны; абсолютті сана, Брахмандарға тең алғашқы
реалдылық.
Чхандогья-упанишадасы
— веданың философиялық бөлімін құрайтын он тараудан
тұратын, адамның ойында, жан тәнінде құрбандық шалуға назар аударған упанишадттың
көне түрі.
Брахма
(миф.) — индуистік үштіктің бас құдайы (брахма-вишнушива); әлемді жасаушы
Прана
— жан (Атман); "жанның мүшелері"; көз, есіту, сезіну, иіс, дәм, сөйлеу, ойлану
түрлері; тыныстың түрлері.
ОМ
— салтанатты үндесу немесе бата берудегі алғашқы қасиетті сөз. Ол кітаптың
алғашқы бетінде көрсетілген дұға қылу үшін немесе дін рәсімде қолданылатын сөз. ОМ
Үнді әдебиетінде үш веданы білдіретін А, У, М дыбыстарын білдіреді.
Кена-упанииіада
— самаведке жақын төрт бөлімнен тұратын, брахманды дүниенің
бастауы және өмір сүру мақсаты деген оның мәнісін талдауға арналған түсіндірме
Адхварью
— яджурведалық гимндерді оқу міндетін атқаратын абыз